15
май
2021
«Үздік пән кабинеті - 2021» байқауы
«Үздік пән кабинеті - 2021» байқауы
№48 жалпы орта білім беретін мектебінің 2020-2021 оқу жылының мектепішілік жоспарына сәйкес «Үздік пән кабинеті - 2021» байқауы өткізілді. Мақсаты: педагогтардың кәсіби деңгейін арттыру, кәсіби педагогикалық шығармашылықтарын ынталандыру және инновациялық идеялар мен жетістіктерді насихаттау.
Байқау ережесіне сәйкес кабинет меңгерушілері кабинет төлқұжатын, даму жоспарын және кабинет қауіпсіздігінің ережесі мен журналын көрсетті. Сонымен қатар мектеп әкімшілігінен құралған комиссия мүшелері кабинеттің жабдықталуын (стендтердің болуы, гүл отырғызу, кабинеттің санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес болуы), кабинеттің эстетикалық безендірілуін, кабинет кітапханасы мен әдістемелік құралдар қорынының (әдістемелік бұрыштар, көрнекі құралдар қоры, электронды құралдар, тақырыптық папкалар) болуын тексерді. Байқаудың соңғы кезеңінде кабинет меңгерушілері өз кабинеттері туралы презентация қорғады.
Байқау нәтижесі бойынша «Лингофон» кабинеті «Үздік пән кабинеті» атанды. I орынды «Бастауыш сынып» кабинеті, II орынды «Тарих» пен «Физика» кабинеттері, III орынды «Биология» кабинеті иеленді. Кабинет меңгерушілеріне кабинетке қажетті сыйлықтар берілді.