25
ноябрь
2025
7-8 сынып оқушыларына арналған олимпиаданың мектепішілік кезеңі
2025 жылдың 25 қараша күні №48 жалпы орта білім беретін мектебінде жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың бірінші (мектепішілік) кезеңі өтті. Олимпиаданы өткізу кезінде жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың Ережесі басшылыққа алынды. Мектепішілік олимпиадаға барлығы 72 оқушы, оның ішінде жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 44 оқушы, қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 28 оқушы қатысты. Олимпиада тапсырмалары daryn.kz сайтынан алынды. Оқушылар тапсырмаларды өз беттерінше орындап өз білімдерін көрсетті. Нәтижесінде жоғары балл алған 23 оқушы олимпиаданың екінші (аудандық) кезеңіне жолдама алды. 

