15
ноябрь
2024
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың бірінші мектепішілік кезеңі
2024 жылдың 22 қазан күні жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың бірінші мектепішілік кезеңі өткізілді. Олимпиада тапсырмалары «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының сайтынан алынды. Негізгі 8 пән бойынша олимпиадаға барлығы 69 оқушы қатысты. Атап айтсақ, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 5 оқушы, орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәнінен 4 оқушы, орыс тілі мен әдебиетінен 6 оқушы, қазақ сыныптарындағы орыс тілінен 7 оқушы, математикадан 21 оқушы, Қазақстан тарихынан 10 оқушы, ағылшын тілінен 10 оқушы, жаратылыстанудан 6 оқушы олимпиаданың мектепішілік кезеңінде өз білімдерін көрсетті. Нәтижесінде жоғары көрсеткіш көрсеткен 16 оқушы олимпиаданың екінші (аудандық) кезеңіне жіберілді.