Қамқоршылық кеңес отырысы » ОШ №48 п. Ойтал
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№48 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-36-67
Версия
для слабовидящих
» » » Қамқоршылық кеңес отырысы
05
октябрь
2020

Қамқоршылық кеңес отырысы

№48 жалпы білім беретін мектебі жанындағы

Қамқоршылық кеңес отырысының өткені туралы

Анықтама


Ойтал ауылы                                                                                                                                   04.10.2020 жыл

            

Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық сыныптарында ұйымдастырылған оқу қызметтерін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығына сай 2020 жылдың 3 қазанында  сағат 12.00-де №48 жалпы білім беретін мектебінің №1 «биология пәні» кабинетінде  Қамқоршылық кеңес мүшелері аталған бұйрыққа сай мектептің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларға байланысты білім ошағында санитарлық талаптардың сақталу бойынша атқарылған және атқарылатын жұмыстар туралы мектеп директоры Б.Ахметбековтың есебін тыңдады.

Отырысты Қамқоршылық кеңес төрағасы Ш.Бидайбаев ашып беріп, қатысушыларды отырыстың күн тәртібімен және жаңа тағайындалған мектеп басшысы Б.Ахметбековпен таныстырып өтіп, оған жаңа басшылық еңбек жолына шығармашылық табыс тіледі.

Отырыстағы негізгі мәселе бойынша сөз алған мектеп директоры Б.Ахметбеков қатысушыларды коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық сыныптарында ұйымдастырылған оқу қызметтерін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығымен таныстырып өтіп, биылғы 2020-2021 оқу жылында мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүріп, қазіргі кезде жұмыстың аяқталуына байланысты бүгінгі күнде мектепте тек 1 сыныптар арасынан кезекші топтар білім алып отырғанын, сыныптарында ұйымдастырылған оқу процесі аталған бұйрықтағы санитарлық талаптарды сақтай отырып жүргізіліп отырғанын, осы санитарлық талаптарды сақтау мақсатында 2020 жылдың маусым-тамыз ай аралықтарында мектепке Меркі аудан әкімдігінің білім бөлімінен карантин кезеңінде балалардың өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында бөлінген дезинфекциялық құралдар саны мен қашықтықпен оқу үрдісі кезеңінде компьютерлік құралмен қамту мақсатында аудандық бөлімі арқылы жалпы қордан жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан балаларға бөлінген компьютерлік құралдар санын,   барлық компьютерлік құралдар аталған санаттағы балаларға берілгенін  айтып өтті.

      Баяндамашы сонымен қатар балалардың білім алу процесінде білім ошағында  мектеп әкімшілігі тарапынан кезекшілік ұйымдастырылғанын, мектептің медициналық қызметкерлері Г.Нурымова мен Х.Бабатованың тарапынан балалар арасында санитарлық талаптарды сақтау, оның ішінде жеке гигиена сақтау бағытында нақты жұмыстар атқарылып отырғанын баяндай келе, мектептегі күрделі жөндеу жұмысы бойынша жалпы жұмыс ауқымы аяқталғанын, бүгінгі күнге мектеп ішінде әжетхана орнату, мектептің ауласын біркелкі тегістеп жөндеу және жылыту қазандықтарын орнатып, қосу жұмыстары ғана қалғанын, жалпы күрделі жөндеу жұмыс барысы облыс, аудан әкімдіктері мен білім бөлімдерінің мамандары тарапынан үздіксіз қадағаланылып отырғанын да айтты. Мектеп басшысы сөз соңын елімізде санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақталған кезде санитариялық талаптарды сақтай отырып, республикамыздағы барлық білім ұйымдары штаттық режимде жұмыс істеуге біртіндеп көшуі жүзеге асырылатын болады деп аяқтады.

Қамқоршылық кеңес білім беру ұйым басшысының есебін тыңдап, талқылай отырып мектеп директоры  Ахметбеков Берик Ахметбековичтің есебі қанағаттанарлық деп танылсын және коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде мектепалды даярлық және бастауыш сыныптарында ұйымдастырылған оқу қызметтерін ұйымдастыру шаралары мен мектептің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларға байланысты білім ошағында санитарлық талаптардың сақталуы оқу жылы бойы мектеп әкімшілігі тарапынан үздіксіз қадағалансын деген шешім қабылдады.



Кеңес хатшысы                              М.Маделиев

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив