15
декабрь
2021
«Математикалық серпантин» аппликация сайысы
Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік пән бірлестігінің айлық жоспарына сәйкес іс-шаралар өз жалғасын табуда.
В.Белов өзінің «Татулық» деген кітабында «Әр баланың ойнағысы келеді, яғни шығармашылықпен өмір сүргісі келеді» деген. Білім алушылардың шапшаңдық, тапқырлық сынды қасиеттерін дамытуға бағытталған Н. Кожагулова, Б. Слатаева, О. Кобееваның ұйымдастыруымен «Математикалық серпантин» аппликация сайысы әр баланың шығармашылық қабілетінің оянуына, қиялы мен еңбек іскерліктерінің артуына, әсіресе, саусақтарының моторикалық ептілігінің дамуына ықпал етті. Аталмыш сайыс13-желтоқсан күні 1-4 сыныптар аралығында өткізілді. Геометриялық фигуралардан құрастырылған жазық фигуралардың модельдері, мазмұнды композициялар, түрлі жапсырмалар мектеп фойесіне көрмеге қойылып, жасалған жұмыстар сараланды. Нәтижесінде Маратов Нұржан, Консбай Амирхан, Асылмұратұлы Диар, Бахтияр Мадина, Әділхан Айсұлу, Бейсеналы Игілік, Сабыралы Димаш «Үздік математикалық серпантинші» марапатына ие болды.