01
февраль
2022
Кәсіптік бағдар
2022 жылдың ақпан айының 1 - ші жұлдызында №48 жалпы орта білім беретін мектебінде колледждің кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізілді.
Кездесуге № 9 Меркі колледжінің кәсіптік бағдар беру тобы Ж.Шәріпхан , Б.Тырнақбаев , Ш.Макебаев , О.Аймбетов, В.Байдаулетова мен мектептің 9 сынып оқушылары қатысты.
Кездесудің мақсаты: Оқушылардың болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауына бағыт беру, ауылшаруашылық мамандықтары және олардың ерекшеліктері туралы дүние танымын кеңейту, еңбек нарығындағы болашағы бар мамандықтар туралы ақпарат беру.Оқушыларға колледж тарихы, жетістіктері, материалдық техникалық базасы туралы ақпарат беріп, оқытылатын, «Фермер шаруашылығы», «Дәнекерлеу ісі», «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Токарлық іс және металл өңдеу», «Есептеу техникасы және бағдарламаларды қамтамасыз ету», «Электр станциялары мен желілерінің әлектр жабдықтары», «Ақпараттық жүйелер» мамандықтарымен таныстырып, бейнеролик көрсетіліп, мамандықтар туралы брошюралар таратылды.