25
февраль
2022
"Who is the best?" тақырыбында сыныптан тыс жарыс сабағы
24 ақпанда Шет тілі пәндері әдістемелік бірлестіктің айлығы аясында ағылшын тілі пәні мұғалімі А.Ермекова 6 "А" сыныбында "Who is the best?" тақырыбында сыныптан тыс жарыс сабағын өткізді. Іс-шараның мақсаты үш тұғырлы тіл саясатын жандандыра отырып білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту. Іс-шара барысында білім алушылар 2 топқа бөлініп өз білімдерін көрсетті. Жарыс барысында "Clever " тобының білім алушылары ұтымды жауаптарымен алға шықты. 2 топтың білім алушылары да мақтау қағаздарымен марапатталды.