№48 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Омарова Г.Ж. Эссе Мұғалім – мәртебелі мамандық » ОШ №48 п. Ойтал
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№48 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-36-67
Версия
для слабовидящих
» » » №48 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Омарова Г.Ж. Эссе Мұғалім – мәртебелі мамандық
21
сентябрь
2022

№48 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Омарова Г.Ж. Эссе Мұғалім – мәртебелі мамандық

Мұғалім – мәртебелі мамандық

Ұстаз – мектептің жүрегі, бала жанының бағбаны, жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Ұстаз сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуге тиісті. Заманауи мұғалім өз елі мен жерін, мамандығын, отбасы мен шәкіртін шынайы сүйетін маман болумен бірге өзгермелі заманның педагогикалық технологиясын игерген, қажеттілікке сай біліктілікті арттыруға даяр рухани қазыналы ізденімпаз тұлға болуы қажет.

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкірт жандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық – ұстаздық мамандық. Себебі, мұғалім еңбегі, біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Бүгінгі  ұстаз өз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаз ата-ана білу, оны қадір тұту, қастерлеу - әр мұғалімнің борышы. Ол – өз кәсібін, өз пәнін, алдындағы барлық шәкіртін, оқу орнын сүйетін адам.  Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Ұстаздың ойынша қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында. Өйткені оның қарапайымдылығы мен   сыпайылығы, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге. Ұстаздық өмірді таңдап, еңбек жолының қызықты да қиын кезеңдерін шәкіртіне білім нәрін сусындатып, қызмет етуден еш жалықпақ емес. Ұстаз бойындағы даралық асыл қасиеттер ұстаздық бақытқа жеткізеді. Бақыттың үлкені – өзіңді-өзің тану. Ұстаз өзін-өзі қай уақытта таниды?  Ол өзі білім нәрімен сусындатқан шәкіртінің қияға қанат қағып, еліне қызмет етер, халқының азаматы болған сәтінен таниды. 

Педагогикада жаңаша оқытуда айтарлықтай із қалдырған Қанипа апа: «Мақсатым – сабақты қызу еңбекке құру, сабаққа оқушыларды тыңдаушы дәрежесінде емес, еңбек етуші, білімді өз еңбегімен алушы дәрежесінде қатыстыру. Бос отыратын, сабаққа селқос, тек орындаушы, тек дайынды қайталап айтатын оқушы болмайды. Ұстаз да, оқушы да жаңаны іздеуші,  бірліктегі одақ дәрежесінде еңбек етуші дәрежесінде болуы шарт», - деп ұстазға артылатын жүкті салмақтап берген болатын. Шынында, қазіргі заман мұғалімі үздіксіз өзін-өзі дамытып, әр сабағын қызықты өткізуге барын салуы қажет. Демек, әрбір сабаққа жан беру, оқушының өздігінен білім алуына шабыт беру – ұстаздар қауымының еншісіндегі іс.

Елдің ертеңіне тұтқа болатын азаматтарды тәрбиелеуші ұстаздар қауымы бүгінде заман лебін сезініп, өзі де көп ізденген жағдайда ғана белгілі бір белестерді бағындырып, озық шәкірттерді тәрбиелей алады.

Ойымды Д. Ушинскийдің мынандай сөзімен қорытындыласам деймін: «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқан кезде оның мұғалімдігі де жойылады». Әрбір ұстаз жаңаша оқыту әдістерін игеріп, әрқашан жаңалықтың жаршысы бола білсе, сандық технологияны жетік меңгеріп, балаға сапалы білім беруде қажымай еңбек ете білсе, өз ісінің білімді де білгір, білікті маманы болары хақ. Мәртебелі мамандық жолында білімді,  сапалы шәкірт дайындау – әрбір ұстаздың міндеті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив