27
апрель
2022
«Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман» атты жас мамандар онкүндігінің ашылуы
Ұстаз - тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені, ел болашағының кілті - бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші - ұстаздардың қолында.
Осыған орай №48 жалпы орта білім беретін мектебінде «Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман» атты жас мамандар онкүндігінің ашылу салтанаты өтті.
Ең алдымен сөз кезегі мектебіміздің директоры Берік Ахметбекұлына берілді. Мектеп басшысы жас мамандарға өзінің ыстық лебізін, мотивацияға толы ізгі тілегін білдірді. Іс-шара барысында жас мамандарымыздың шәкірттері өз өнерлерін ортаға салды. Атап айтсақ, жас маман Абжанов Берекенің білім алушылары робототехника үйірмесінде құрастырған роботтардың ерекшеліктерімен таныстырып өтті. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кыдыркулова Мадина сабақ беретін орыс сыныбының білім алушылары қазақ тілінде өлең шумақтарын оқыды. Ал, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Султан Жанбикенің білім алушылары ағылшын тілінде тақпақтар айтты. Жас маман Көктеубай Досжанның шәкірттері вокальдық жанрда өз өнерлерін ортаға салды. Дене шынықтыру пәнінің жас мамандары Ануарбек Темірлан, Садыханов Әлімхан және Олжабай Асылханның шәкірттері спорттық би биледі. Сонымен қатар «Білім шуағы» жас мамандар мектебінің жетекшісі Сатылганова Гульнар алдағы онкүндіктің жоспармен таныстырып өтті.
Жас мамандарымыздың ұйымдастырумен өткізілген іс-шара жоғары деңгейде өтті. Жас мамандарымызға тек шығармашылық табыстар тілейміз!