04
март
2022
«Ұстаздың кәсіби іс- әрекетіндегі педагогикалық әдеп» тақырыбына дөңгелек үстел
2021-2022 оқу жылындағы жас мамандармен жұмыс жоспарына сәйкес №48 жалпы орта білім беретін мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Аубакирова Гуля Балгаевна мектебіміздің жас мамандарымен «Ұстаздың кәсіби іс- әрекетіндегі педагогикалық әдеп» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.
Мақсаты: педагогикалық әдеп қағидаларын, адамгершіліктің ерекшеліктерін, негізгі қызметтері және этикалық категориялары туралы кеңес беру.
Мұғалім өз сөзінде «Нағыз тәрбиеші ұстаз бойында он екі тума табиғи қасиетті меңгерген дана адам болу керек» - деді. Сонымен қатар педагог өзінің кәсіби міндеттерін орындау кезіндегі сыртқы келбетіне баса назар аудару керек. Әр балаға жол сілтеп, оның бойына жақсы қасиеттер сіңіретін бірден-бір жан болса, ол – ұстаз. «Шәкірттің жақсы болмағы –ұстазынан» деп дана халқымыз айтқандай, ұстаз оқушыларды білім нәрімен сусындатып, қолынан келгенін үйретіп, бағыт-бағдар беріп қана қоймай, сыртқы келбетімен, киім киісімен, өзін ұстау әдебімен үлгі бола білуі тиіс. Себебі, балалар педагогтің біліміне ғана емес, жоғарыда аталған қасиеттеріне де ерекше көңіл бөліп, тәлім алады.
Баяндама барысында жас мамандарымыз көптеген кеңестер алып қана қоймай, әдептіліктің педагог мінез-құлқындағы ерекшелікке айналуы туралы өз ойларымен бөлісті.