«Ұстаз болу – жүректің батырлығы» тақырыбында дөңгелек үстел » ОШ №48 п. Ойтал
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№48 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-36-67
Версия
для слабовидящих
» » » «Ұстаз болу – жүректің батырлығы» тақырыбында дөңгелек үстел
21
декабрь
2021

«Ұстаз болу – жүректің батырлығы» тақырыбында дөңгелек үстел

       №48 жалпы орта білім беретін мектебінде «Білім шуағы» жас мамандар мектебінің жұмыс жоспарына сәйкес «Ұстаз болу – жүректің батырлығы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге мектеп әкімшілігі мен жас мамандар қатысты. 
       Мақсаты: жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Педагогтардың кәсіби құлшыныстарын арттыру, жігерлендіріп көңіл – күйін көтеру, қарым – қатынастың белсенді стилін дамыту.
       «Ұстаз болу – жүректің батырлығы» атты дөңгелек үстел мектеп директоры Б.Ахметбеков пен директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Асилбекованың  жас мамандарға алғы сөзімен басталды. 
«Ең әуелі мектепке керегі - білімді, педагогика әдістемесінен хабары мол, оқыта білетін мұғалім»- деп Ахмет Байтұрсынұлы айтып өткендей, мұғалім – тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан жас маман. Өйткені ел болашағының кілті – бүгінгі жас ұрпақтың қолында. «Ұстаздар өз уақытын аямаған, өзгенің бақытын аялаған» - дегендей, ұстаз – адам жанын терең түсінетін, адаммен қарым – қатынаста жоғары адамгершілік көрсете білетін, жүзінен жылылық, мейірімділік күн нұрындай шуақ шашып, өзіне баурайтын адам.
        Жас маман мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршін тәрізді жұмысқа кірісті, ұжымға араласты. Оның жан-жақты маман болып шығуына қалай көмектесу керек, ол нені білуі тиіс? Осы тақырыптар аясында  мектеп директорының ғылыми ісі жөніндегі орынбасары К.Айдарбекова мұғалімнің қызметіне қажетті негізгі дағдылар мен іскерліктерді былай топтастырып көрсетті:
 Оқыту мен тәрбиелеудің тиімді әдіс-тәсілдерін шығармашылықпен ұштастыру;
 Қарым-қатынастық(коммуникативтік) мәдениетті, мұғалім мен оқушы жүйесінде қажетті қатынасты қалыптастыру;
 Ұйымдастырушылық қабілет, тәрбие процесіндегі әр түрлі әрекеттерді басқару;
Сонымен қатар жас мамандардың құқықтары мен міндеттерін де атап өтті:
 -  ұстаздық кәсіп абыройы мен беделін қорғау; 
- өз жұмысын бағалауға байланысты арыз – шағымдарымен және басқа да құжаттармен танысу, олар жөнінде түсініктемелер беру; 
-  өзіне қолайлы жолмен біліктілігін арттыру; 
-  педагогикалық кеңестерге, әдістемелік бірлестік мәжілістеріне, мектептің қоғамдық өміріне белсенді түрде қатысу; 
-  тәлімгер мен өз әріптестері тарапынан көмек алу; 
-  әрбір баланың тұлғалық ерекшеліктерін және олардың ата – аналарын сыйлау; 
- жартыжылдық соңында тәлімгермен бірге кәсіби бейімделу қорытындысын шығару, атқарылған жұмыстар туралы есеп беру құжатын әзірлеу.
       Дөңгелек үстел барысында жас мамандармен «Танысу» жаттығуы, «Арт-терапия», жылдамдық пен мұқияттылыққа негізделген «Мюнстенберг» тапсырмасы, «Сіз қандай жұмысшысыз?» ойыны өткізілді. Жас мамандарымыздың ұстаздық еткен күнделікті өміріне байланысты ситуациялық сұрақтар қойылды. Ситуациялық  сұрақтардың жауабы жан-жақты қызу талқыға түсіп, бірнеше мысалдар келтірілді. 
       Жас мамандардың қарым-қатынастық мәдениеті  «Адамдарға ұнаудың ережелері» тақырыбы аясында өрбіді. Табиғат әуенінің сүйемелдеуімен 2-3 минуттық «Релаксация» жасалынды. 
       Дөңгелек үстел соңында жас мамандар бүгінгі кездесуден алған әсерлері туралы айтып, кері байланыс жасады.






Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив