Мектеп тарихы » ОШ №48 п. Ойтал
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№48 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-36-67
Версия
для слабовидящих
01
декабрь
2023

Мектеп тарихы

Ұлылықтың бастауы -  мектеп

          Мектеп – болашақ негізін қалыптастыратын, ел мерейін асқақтататын, тұлғалар баптайтын құтты мекен, алтын ұя.

        Құт қонған қасиетті қарашаңырақтың іргетасы сонау 1964 жылы қаланған. Ол кезде 8 жылдық орыс мектебі болып ашылған. Кейін 1978 жылы  орта мектеп 640 орынға лайықтап салынған. Ал 1994 жылдан бастап орыс – қазақ мектебі болып құрылды.  Бүгінгі  күнде   мектепте  940  оқушы   екі ауысымда  аралас (қазақ, орыс) тілде оқытылады.

         Оқу кабинеттері – 28, арнайы жабдықталғаны – 7, 2-компьютер сыныбы, 1-асхана, 1-кітапхана, 1-медициналық кабинет, - спорт залы, 1 - лингафон кабинеті бар. Соңғы 2017-2018 оқу жылында материалдық-техникалық базаны арттыру мақсатында  2 бастауыш сынып жаңартылған білім мазмұнында оқыту бойынша жабдықталды. Әдістемелік кабинеті   жабдықталды. 

          Қызығы мен қиындығы қатар жүрген мектеп өмірінде талай өзгерістер болып, көптеген жетістіктерге қол жеткіздік.

          Өрендердің сапалы білім алуына 107 мұғалім аянбай еңбек етуде. Олардың 

23 - педагог зерттеуші

27 - педагог сарапшы
27 - педагог модератор
2 - жоғарғы категория
1- бірінші категория
27 педагог санаттағы мамандар.

 Мектептің педагогикалық құрамы :

1978 -1994 жыл – 85 

1994 – 2010 жыл – 105

2010- 2020 жыл -   100

2023-2024 оқу жылында - 107

Мектеп оқушылары контингенті:

1978ж  – 2000ж  - 935 оқушы

2000ж - 2018ж – 855оқушы  (мәлімет мектеп архивінен алынған мәліметтер негізінде)

2018-2020- 950 оқушы

2023-2024 оқу жылында - 940 білім алушы

Мектептің рәміздері

                                                                          Елтаңба – адамгершілік пен ізгіліктің, 

                                                                          Ту – жетістікке жетудің белгісі.

                                                                                                                         Н.Ә.Назарбаев

        Мектептің Туы  - ортасында мектеп Елтаңбасы, тікбұрышты төрт түстен тұратын мата. Ені мен ұзындығының арақатынасы - 2,20:1,75.   

  • Қызыл түс – қозғаушы күштің, күрестің белгісі; білімсіздік пен сауатсыздыққа қарсы күресті білдіреді.
  • Көк түс - бейбітшіліктің белгісі; соғыссыз, қорқынышсыз өмір мен еркін ойды білдіреді. 
  • Ақ түс - жайлы түс; мектептегі ахуалдың жайлылығы.
  • Жасыл түс – жастықтың, махаббаттың белгісі; еліміздің болашағы, жеткіншектердің, гүлденген, бейбіт өмірін білдіреді. 

Тудың ортасында мектептің эмблемасы орналастырылған. Ол еліміздің патриот, рухани бай, қабілетті тұлғасын қалыптастыру жолында еңбек етіп жатқан ұжымды бейнелейді.

  • Жауқазын гүлі және емен жапырақтарымен көмкерілген  дөңгелек нысанды, қызғылт сары түс аясындағы шұғылалы күн мен жайылған алақан бейнеленген, күннің оң жағында адам бейнесі орналастырылған  
  • Дөңгелек шар - достық пен бірліктің белгісі.
  • Қызыл сары түс - жылылықтың белгісі; мектептегі үлкендер мен оқушылардың бірлігі мен достығының нышаны.
  • Күн - тіршілік көзі
  • Күн сәулелері - мектеп ошағының оқушыларға берген, беретін білім шуағы
  • Күнге табынған қол - мұғалімдер мен әлеуметтік қоғамның, оқушылардың достық бірлігінің мектептегі қозғаушы күш екенінің дәлелі және олардың бірі-біріне деген жылы қарым-қатынасы
  • Адам - өзін-өзі таныта білетін, жан-жақты дамыған тұлға бейнесі.
  • Жауқазын гүлі – өркениетті дамыған елдегі көшбасшылықтың белгісі.
  • Емен жапырақтары – қайсарлықтың, батылдықтың, жігерліктің белгісі

Мектептің Елтаңбасы – көк түсті дөңгелек ортасында ашылған кітап пен оқу құрал-жабдықтары бейнеленген.

  • Дөңгелек шар - достық пен бірліктің белгісі.
  • Көк түс – біркелкі көгілдір түс бірігу идеясын білдіруші қатар, әрқашанда бейбітшіліктің, тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі саналатын бұлтсыз ашық аспанды еске салады
  • Жауқазын гүлі – өркениетті дамыған елдегі көшбасшылықтың белгісі.
  • Емен жапырағы – тегеуірінділіктің, қайсарлықтың, батылдықтың белгісі
  • Ашылған кітап – білім көзі

Оқу құрал-жабдықтары – мектеп беретін жан-жақты білім

Мектептің Әнұраны


Сөзін жазған:            М. Әбжанова

Әні:                Ж. Еңсеповтікі


Күн сәулелі менің алтын бесігім,

Ақ тілекпен аштым білім есігін

Ұстаздарым ұлағатты

Өміріме шырақ жақты,

Жүрегімде мәңгі қалар есімің.


Тәрбие мен білім айқын мұратым,

Шәкірт жанын түсінетін, ұғатын.

Қырық сегіз – білім теңіз,

Сенім, үміт, арман егіз                             2 рет

Жұлдыз болып мәңгі жанып тұратын.


Біз шәкіртпіз талапты да талантты

Еркіндіктің елімізде таңы атты.

Ізгіліктің іздеріміз,

Оқу-білім іздеріміз.                                  2 рет

Қазақстан болашағы – біздерміз.





Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив