Омарова Гульсын Жарасбаевна
Жамбыл облысы Меркі ауданы №48 жалпы орта білім беретін мектебі
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Омарова Гульсын Жарасбаевна
Шәкірт жүрегіне жол тауып, оның білімге құштарлығын арттыруда үнемі ізденіс үстінде жүрген ұстаздарымыздың бірі - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Омарова Гульсын Жарасбайқызы.
Ұстаз өз басының биік мәдениетімен, еңбекке деген сүйіспеншілігімен жас ұрпақты тәрбиелеуде жақсы жетістіктерге жетуде. Атап айтсақ:білім беру жүйесін жетілдіруге және оқушыларды XІX облыстық «Абай оқулары» байқауына дайындауда қосқан үлесі үшін Омарова Г.Ж. алғыс хатпен марапатталады. Тараз қаласы, 2018 жыл.
Меркі ауданының 90 жылдығына арналған "Меркі ауданының дарынды оқушылары жобасына белсенді атсалысып, 2015-2018 оқу жылдарындағы оқушы жетістіктерін насихаттағаны үшін "Балалық шақ -Детство" Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер газетінің редакциясының Алғыс хатымен марапатталды.
Аудандық Тамыз кеңесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша өткен секция жұмысында жоғары кәсіби біліктілік танытып, іс-тәжірибесімен бөліскені үшін Құрмет мадақтамасымен марапатталды.
Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімі мен білім қызметкерлері кәсіподағының Меркі аудандық комитеті білім беру саласындағы өнегелі еңбегі мен ұжым өміріндегі ерекше белсенділігі үшін Құрмет грамотасына ие болды.
Жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар арасында өткізілген ІІ Аудандық "Әбіш оқуларының" жеңімпаз оқушыларын дайындап, белсенділік танытқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.
"Тәуелсіз ел жастары" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен оқушылар арасындағы республикалық "Досыма хат" атты онлайн шығарма жазу сайысына шәкірт дайындағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.
"Ақ желкен"лингвистикалық зияткерлік олимпиадасына дайындаған оқушысы І орын алғаны үшін Мақтау қағазға ие болды.
Қазақ тілі пәні бойынша мұғалімдерге арналған Республикалық қашықтық олимпиадасында І дәрежелі дипломмен марапатталды. 2019 ж.
Қазақ тілі пәні бойынша мұғалімдерге арналған Республикалық қашықтық олимпиадасында І дәрежелі дипломмен марапатталды. 2020 ж.