Айдарбекова Куралай Аманхановна
бастауыш сынып мұғалімі
Айдарбекова Куралай Аманхановна
Айдарбекова Куралай Аманхановна 1988 жылы 24 қазанда Жамбыл облысы Шу ауданы Ақтөбе ауылында туған. 1995 жылы Ақтөбе ауылындағы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектебіне қабылданып, 2004 жылы 9 сыныпты аяқтады. 2004-2008 жылдар аралығында М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-нің жанындағы көпсалалы колледжін «Бастауыш сыныптарды оқыту» мамандығы бойынша бітірген. 2008-2011 жылдар аралығында ТарМПИ-н «Педагогика және Психология» мамандығы бойынша аяқтады. 2014-2016 жылдары Тараз инновациялық университетін «Бастауыш сыныптарды оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша сырттай оқыған. Еңбек жолын 2011 жылы Шу ауданындағы Еңбек орталау мектебінен бастаған. 2013 жылы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектебінде жұмыс істеген. 2014 жылдан бері Меркі ауданы №48 жалпы орта білім беретін мектебінде қызмет атқарады. Тұрмыс құрған, 1 баласы бар.
Айдарбекова Куралай Аманхановна төмендегідей педагогикалық біліктілік арттыру курстарынан өткен:
- 2015 жылы «12 жылдық оқытуға көшу жағдайында мектепалды даярлық сынып жұмысының мазмұнын жаңарту және жетілдіру (6-7 жас)» курсы, «Нұр-Болашақ»;
- 2017 жылы «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері курсы, «Өрлеу»;
- 2018 жылы «Бастауыш сынып пәндері бойынша білім беру мазмұнын жаңарту шеңберіндегі» курсы, ПШО;
- 2019 жылы «Қазіргі жағдайда инклюзивті білім беру» курсы, «Абай атындағы Қазақ ұлттық университеті»;
Кәсіби жетістіктері:
2016 жылы «Менің арманым» республикалық интернет-байқауының жүлдегерін дайындағаны үшін Алғыс хат иеленді.
2016 жылы «Ұлы дала дарыны» байқауында шәкірттері жоғарғы нәтиже көрсеткені үшін «Үздік жетекші» атанды.
2016 жылы халықаралық «ПОНИ» байқауының жүлдегерін дайындағаны үшін Дипломмен марапатталды.
2017 жылы республикалық «Үркер» марафонының жүлдегерлерін дайындағаны үшін Дипломмен марапатталды.
2018 жылы «Көшбасшы мұғалім-учитель лидер» ғылыми- практикалық әдістемелік журналының №9 санында авторлық материал жариялағаны үшін сертификат иеленді.
2019 жылы III республикалық «Дарабоз» байқауына үздік шәкірт дайындағаны үшін Алғыс хатпе марапатталды.
2020 жылы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған республикалық «Үркер» марафонының жүлдегерлерін дайындағаны үшін Дипломмен марапатталды.
2020 жылы «ШАМШЫРАҚ» зияткерлік олимпиадасында шәкірті жүлделі орынға ие болғаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.
2020 жылы жалпы білім беру ұйымдары арасында өткен республикалық «Өз жеріңді танып біл» байқауына қосқан үлесі үшін Алғыс хат алды.
2020 жылы Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Педстарт» республикалық олимпиадасының (қазақ тілі) II дәрежелі дипломымен марапатталды.
2021 жылы халықаралық «ПОНИ» байқауының жүлдегерін дайындағаны үшін Дипломмен марапатталды.
Оқушыларының жетістіктері:
2016 жылы аудандық «Айгөлек» ән-би байқауында белсене қатысқаны үшін Ерсайын Мағжан мадақтамамен марапатталды.
2016 жылы «ПОНИ» халықаралық байқауының жүлдегері Байкенес Ерасыл марапатталды.
2016 жылы «Менің арманым» республикалық онлайн байқауда Тасбулат Нурхан III дәрежелі дипломмен марапатталды.
2016 жылы Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында өткізілген «Ұлы дала дарыны» байқауының күміс жүлдегері Саржан Айару, қола жүлдегері Серикхан Нұрислам атанды.
2017 жылы «Үркер» интеллектуалдық марафонының жүлдегері Берді Дарын болды.
2019 жылы аудандық «Туған өлкем» сурет байқауында Хажмухан Ардақ III орын иеленді.
2019 жылы «Үркер» интеллектуалдық марафонының жүлдегерлері Бейсен Аюб пен Биимбет Нұрислам атанды.
2019 жылы III Респуликалық «Дарабоз» өнер мен білім байқауында «Көркем сөз» жанры бойынша II дәрежелі дипломмен Кенес Арайлым, III дәрежелі дипломмен Бейсен Аюб марапатталды.
2020 жылы мектеп оқушылары арасында өткен «ШАМШЫРАҚ» зияткерлік олимпиадасында Джолдыбек Дариға II орын, Құрманбек Аруна III орын иеленді.
2020 жылы «Қараша» айында өткізілген Республикалық «Бастауыш сынып» Блиц-турнирінің I орын жеңімпазы Асылмұратұлы Диар марапатталды.
2020 жылы жалпы білім беру ұйымдары арасында ұйымдастырылған байқауда Айтбаева Сафия I орын иеленді.
2020 жылы «Ақбота» интеллектуалдық марафонының II иегерлері Асылмұратұлы Диар мен Сақтаған Айым марапатталды.
2020 жылы дүниетану пәні бойынша КИО-дан Асабай Қазыбек пен Қамшыбек Ақниет аудан, облыс, республика бойынша III орын иеленді.
2021 жылы «ПОНИ» халықаралық байқауынан Айтбаева Сафия II дәрежелі, Алтынбек Жансая III дәрежелі дипломдармен марапатталды.