Абдраманова Жанна Сыбанқызы
Жамбыл облысы Меркі ауданы №48 жалпы орта білім беретін мектебі
математика пәнінің мұғалімі
Абдраманова Жанна Сыбанқызы
Абдраманова Жанна Сыбанқызы 1969 жылы 4 ақпанда Солтүстік Казақстан облысы Чистополь ауданы Жаркуль ауылында дүниеге келген. 1986 жылы Аль-Фараби орта мектебін үздік бітірген. 1987 жылы М.Ауэзов атындағы Шымкент педагогикалық институтына түсіп, 1992 жылы «Математика, информатика және есептеу техникасы» деген квалификация бойынша аталған мекемені бітіріп шықты.
Жанна Сыбанқызы «Оқытудың жаңа әдіс – тәсілдердін қолдану арқылы оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру» тақырыбы аясында шығармашылықпен жұмыс атқарады.
1995-2004 жылдары аралығында Интернациональный ауылы №7 орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі;
2004-2021 жылдары аралығында Ойтал ауылы №48 орта мектебінде директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары бола жүріп, жеткіншек ұрпақтық құқықтық сауаттылығын арттырып, әр білім алушының өз құқығын қорғауға өз үлесін тигізе білді.
2007 жылы «Жылдың үздік ұйымдастырушы-тәрбиешісі» І облыстық байқауында өз әріптестері арасында біліктілігі мен педагогикалық шеберлігімен ерекшеленгені үшін ІІ орынға ие болды және «Шығармашыл –ұйымдастырушы - тәрбиешісі» атағын иеленді.
Жаралыстану-математика пәні мұғалімдеріне арналған «Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – нәтижелі білім берудің негізі» тақырыбындағы облыстық педагогикалық оқуда жасаған үздік баяндамасы үшін Жамбыл облысы Әкімдігі білім басқармасының ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
«Оқутудың жаңа үлгісі – білім сапасының кепілі» тақырыбында І Республикалық «Үздік баяндамалар» конкурсына қатысып І орын алды.
2020 жылы білім беру саласына қосқан елеулі үлесі үшін Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Ауданының білім саласындағы көп жылғы жемісті еңбегі мен қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаны үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.
Жанна Сыбанқызы 27 жалпы жылдық өтілі елеусіз қалған жоқ. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің, Кәсіподақ ұйымының Құрмет грамоталарымен марапатталғаны – сөзіміздің дәлелі.
2017 жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми – практикалық орталығы «Ақ Бота» интеллектуалдық марафонында оқушылары А.Кисина мен А.Берикова ІІІ орын алды.
2018 жылы Республикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде оқушылары А. Сақтағанов пен Б.Бабатов ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
2020 жылы мектеп оқушылары арасында өткен «Шамшырақ» зияткерлік олимпиадасында оқушылары В.Клюшниченко мен М.Ибрагимова ІІ орынға ие болды.