Жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізілген республикалық олимпиадаларының аудандық кезеңінің нәтижесі
№48 жалпы орта білім беретін мектебінің 2024-2025 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізілген республикалық олимпиадаларының аудандық кезеңінің нәтижесі төмендегідей болды:
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың ІІ (аудандық) кезеңіне барлығы 16 білім алушы қатысып, 5 білім алушы III орын, яғни 31,2%- ы жүлделі орынға ие болды. Былтырғы оқу жылында да 4 оқушы жүлделі орын иеленген, алайда II орын иеленген оқушылар болған. Биылғы жүлделі орын иегерлері: Қазақстан тарихынан Дүйсебай Нұрислам III орын, пән мұғалімі Б.Клышбеков; ағылшын тілінен Жалғас Інжу III орын, пән мұғалімі А.Джанылова; математикадан Марат Адия III орын, пән мұғалімі Р.Сейілжан; жаратылыстанудан Асылмұратұлы Диар III орын, пән мұғалімі М.Есенбаева; Болат Рауан III орын, пән мұғалімі М.Худайбергенова болды.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың ІІ (аудандық) кезеңіне барлығы 24 білім алушы қатысып, 4 оқушы жүлделі орын, яғни 16,6%- ы жүлделі орынға ие болды. Былтырғы оқу жылында 7 оқушы жүлделі орын иеленіп, 29,1 % құраған болатын. Биылғы жүлделі орын иегерлері: химиядан Усов Станислав III орын, пән мұғалімі Е.Антошина; информатикадан Құрман Жанерке III орын, пән мұғалімі К.Аманова; қазақ сыныптарындағы орыс тілі мен әдебиетінен Жолдасбек Іңкәр II орын, пән мұғалімі А.Мақаметқұл болды. Ал орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша Саидова Таиса I орын иеленіп, олимпиаданың облыстық кезеңіне жолдама алды, пән мұғалімі К.Нарматова.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІ (аудандық) кезеңіне барлығы 34 білім алушы қатысып, 13 білім алушы, яғни 38,2%- ы жүлделі орынға ие болды. Былтырғы оқу жылында 6 жүлдегер – 19,3% құраған. Былтырғы оқу жылымен салыстырғанда олимпиада жүлдегерлерінің саны 18,9 % өсті. Биылғы жүлделі орын иегерлері: Қазақстан тарихынан Турар Алина III орын, пән мұғалімі А.Кудербаева; Ұзақбаева Ұлзада II орын, пән мұғалімі Б.Клышбеков; құқық негіздерінен Пичкурова Вероника III орын, пән мұғалімі Ж.Бабалива; Аманжулова Жадра II орын, пән мұғалімі Б.Клышбеков; георафиядан Алеке Рамазан III орын, пән мұғалімі Г.Рахымова, биологиядан Ныценко Даниил III орын, Довгань Кристина II орын, пән мұғалімі Н.Боровых, орыс тілі мен әдебиеті пәнінен Рустамова Умида II орын, пән мұғалімі К.Нарматова, Енсебай Динара II орын, пән мұғалімі Д.Темирбаева, ағылшын тілінен Уали Диана II орын, пән мұғалімі Ж.Султан, информатикадан Жүніс Рауан II орын, пән мұғалімі С.Ахилбаева; Сүлейманқызы Айткүл II орын, пән мұғалімі Э.Бекенова болды. Ал математика пәні бойынша Берді Сезім I орын иеленіп, олимпиаданың облыстық кезеңіне өтті, пән мұғалімі Т.Мамбеталиева.