№48 жалпы білім беретін мектебі жанындағы Қамқоршылық кеңестің отырысының хаттамасы » ОШ №48 п. Ойтал
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№48 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-36-67
Версия
для слабовидящих
» » » №48 жалпы білім беретін мектебі жанындағы Қамқоршылық кеңестің отырысының хаттамасы
19
сентябрь
2019

№48 жалпы білім беретін мектебі жанындағы Қамқоршылық кеңестің отырысының хаттамасы

№48 жалпы білім беретін мектебі жанындағы 

Қамқоршылық кеңестің кезектен тыс отырысы

№7 хаттама (көшірме)

Ойтал ауылы                                                                                                                         19 қыркүйек 2019 жыл


Отырыс өткен орын: №48 жалпы білім беретін мектебінің акт залы 

Қатысқандар: Қамқоршылық кеңес төрағасы, кеңес мүшелері, аудандық «Меркі тынысы» газетінің тілшісі О.Мазур, Ойтал ауылдық округінің бас маманы, мектептің құқықтық кеңесінің мүшесі М.Сатеков, №48 ЖББМ директоры Р.Нуралбеков, директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Абдраманова, мектеп психологы А.Ракышева, мектеп инспекторы Меркі АІІБ ЖПҚ ЮПТ-ның полиция майоры С.Сымтыков.

Хатшы М.Маделиев


Күн тәртібінде:

  1. №48 жалпы білім беретін мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен 8-11 сынып оқушылары және олардың ата-аналары арасында «Құқық- өмір айнасы» тақырыбында дөңгелек үстел іс-шарасы.
  2. 2019-2020 оқу жылында білім ошағында оқитын АІІБ ЖҚП ЮПТ-ның есебінде тұрған балалар, мөлтекаудан бойынша қыркүйек айында жүргізілген күндізгі-кешкі рейдтердің нәтижелері туралы білім ошағына бекітілген полиция инспекторы Меркі АІІБ ЖПҚ ЮПТ полиция майоры С.Сымтыковтың есебі.


Тыңдалды:

1. Директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Абдраманова: іс-шараны аша отырып, биылғы оқу жылын мектепте 883 оқушы оқып бастап отырғанын баяндап, өз сөзін оқушылар арасында түрлі санаттар мен ата-аналар туралы нақты сандық   мәліметтермен толықтырып өтті.Сонымен қатар баяндамашы өз сөзінде кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың алу жұмысы бойынша жұмыс жоспарын, жұмыстың құрылымы мен мақсаты, одан күтілетін нәтижелер туралы да айтып өтті.Сонымен қатар ол  өз сөзінде күндізгі-кешкі рейдтер нәтижесі, жаңа оқу жылында «жайсыз отбасы» ретінде мектепішілік және АІІБ ЖПҚ ЮПТ –ның тізімдік есебінде тұрған отбасы мен онадағы тәрбиеленіп отырған балалармен, сонымен қатар ерекше назарды қажет ететін балалармен атқарылатын  жұмыс бағыттары туралы да баяндай отырып іс-шараның мақсаты-ата-аналарға балалардың құқықтық тәрбиесі жайында толық мәлімет беру, әр баланың мінез құлық ерекшеліктеріне сай қоғамда өзін-өзі ұстауы, үлкенге құрмет көрсетуі, құқық бұзбау туралы әрекеттер туралы ой бөлісу, өзін-өзі тану арқылы дара тұлға ретінде өзін еріксіз бірқалыпты қалыптастыруға баулу, жан –жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу жолында құқықтық тәрбиенің маңызын аңғарту деп айтып өтті.

Мектеп психологы А.Ракышева: «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген сөзді аталарымыз бекер айтпаған, әр адам мемлекеттік заңдарды құрметтеп, ата-бабаларымыздың тәрбиесін үнемі назарда ұстап отыру тиіс. «Адам жолында екі түрлі, бір-біріне қарама қарсы ағыстар бар.Біріншісі қаталдыққа жетелесе, екіншісі-мейірімге талпынады» деген ғалым Леккидің сөзінде үлкен мән бар. В.Г.Белинский  «Тәрбие –ұлы іс, тәрбие арқылы адам тағдыры шешіледі» десе, ұлы ғалым Д.И.Менделеев «Тәрбиесіз білім- есуастың қолындағы қылыштай» деген.Қазір ортамызда «қиын» балалар, жасөспірімдер, ата-анасы көңіл бөлмейтіндер, түрлі тағдырға душар болғандар көп.Біздің мақсатымыз - балаларды жан-жақты тәрбиелеу.Осы мақсатымызды жүзеге асыру жолында көптеген ата-аналармен жұмыстар атқарылуда.Соның бірі бүгінгі тақырыптағы ата-аналарға арналған дөңгелек үстел деп кіріспе сөзінде айтып өтіп, іс-шараға қатысып отырған оқушылар және ата-аналармен «Жанұя», «Мақалды жалғастыр» тақырыптарында тренинг жүргізіп, ойындар ойнатты.

2. Мектеп инспекторы, Меркі АІІБ ЖПҚ ЮПТ-нің полиция майоры С.Сымтыков қатысушыларға «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың міндеті» тақырыбында баяндама оқып, онда ол бала- біздің болашағымыз, балаға жақсы тәрбие беру, дамуына мүмкіндік беру, оларға қуаныш сыйлау және толық құқылы еркін тұлға етіп жетілдіру –біздің міндетіміз.Ұрпақ тәрбиесіндегі басты мақсат-жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу.Құқытық тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып,олардың бойына жоғары идеялық пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың асыл міндеттерін атқарады.Құқықтық тәрбие отбасынан басталады.Бала өзінің айналасындағы адамдарды, әлеуметтік игіліктерді қате бағалауы мүмкін.Мұның өзі оның көбінесе құқықтық тәрбиенің бұзылуына әкеп соғады, соның алдын алу бүгінгі күнде әрбір ата-ананың міндеті деп өз сөзінде айта келе ата-аналарды отбасындағы бала тәрбиесінде ата-аналық міндетті дұрыс, өз дәрежесінде атқаруға шақырды.


Шешім:

  1. Мектеп инспекторы мен әкімшілік тарапынан балалар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу,  отбасындағы бала тәрбиесі бағыттарындағы жұмыс ата-аналар қоғамымен бірлесе отырып атқарылып, жұмыс бағыты күшейтілсін. 
  2. Білім ошағында оқушылардың мектеп Ережесін қатаң сақтау (мектеп формасын кию, смартфон ұялы телефондарын ұстамау, сабақтан себепсіз қалмау, зиянды заттарды қолданбау, оқушы этикасын сақтау және т.б.) жөнінде ата-аналармен жұмыстар қайта жүргізіліп, жандандырылсын.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив