Тамақтандыруды ұйымдастыру туралы мамыр айына ақпарат » ОШ №48 п. Ойтал
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№48 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-36-67
Версия
для слабовидящих
» » Тамақтандыруды ұйымдастыру туралы мамыр айына ақпарат
11
май
2021

Тамақтандыруды ұйымдастыру туралы мамыр айына ақпарат

№48 жалпы орта  білім беретін мектебінде білім

алушылардың жекелеген санаттарына тегін 

тамақтандырудың ұйымдастырылуы туралы 

Ақпарат

Ойтал ауылы                                                                                                          11.05.2021 жыл

        Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «Жалпы  білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұйымдастыру туралы» 2021 жылдың 30 наурызындағы №82 бұйрығына сәйкес 2021 жылдың 5 сәуірінен бастап №48 жалпы орта  білім беретін мектебінің асханасында бүгінгі күні 2020-2021 оқу жылында бекітілген атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған отбасынан шыққан, сондай-ақ жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім алушылар мен білім беру ұйымының алқалы басқару органы (педагогикалық кеңес) айқындаған 128 (жүз жиырма сегіз) білім алушыға 64 білім алушыдан 2 ауысымда тегін тамақтандыру ұйымдастырылып отыр.

         Ұйымдастыру шарасы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 46-қосымшасына сай үйлестіріліп, кезекшілер тарапынан қатаң қадағаланды.

         Аталған аудандық білім бөлімінің бұйрығы мен Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес мектеп директорының бұйрығы шығарылып, бұйрықта асхананың жұмыс кестесі, мектеп әкімшілігі мен ұстаздар тарапынан бекітілген кезекшілік кестесі, сонымен қатар 46-қосымшаның 6-шы пунктінде көрсетілген асхананың толтырылуы тамақтану залының отыратын орындарының жобалық қуатынан 30-дан аспайтын мөлшерде жүзеге асыралады деген талапты сақтау мақсатында жасалған  I-ауысымда және II- ауысымда тамақтанатын білім алушылардың тізімі   саны мен тізімдері көрсетілді.

Бүгінгі тамақтануды ұйымдастыру іс-шарасында білім алушылар сынып жетекшілерінің бақылауымен кестеде көрсетілген мерзімге сай жеке гигиеналық, санитарлық талаптарды сақтай отырып, яғни, асханаға кіреберісте және тамақтану залында қол жууға арналған қолжуғыштар, келушілердің қолын өңдеуге арналған тері антисептиктерді қолдана, арада кемінде 2 метр қашықтықты, 5 адамнан артық емес кезекті  сақтай отырып тамақтанды.Сонымен қатар үстелдерді, орындықтарды және өзге де мүкәммалды орналастыруда үстелдер арасындағы және келілер арасындағы кемінде 2 метр қашықтықты сақтау талабы да қатаң сақталды. 

Дайындалған ас мәзірі мектептің медициналық қызметкерлері Г.Нурымова мен Х.Бабатова тарапынан тексеріліп бракераж журналына жазылып отыр.Әр аптаның жұма күні тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия құрамымен асхана жұмысының дұрыс ұйымдастырылуы, дайындалған тамамдардың сапасы, сақтау мерзімдері, жалпы тамақтандыру жұмысында санитарлық талаптардың сақталуы тексеріліп, арнай тіркеу журналына тексеріс қорытындылары жазылып отырылады. 

Барлық кезекшілер мен сыныптар бойынша білім алушылардың тізімі  мектеп асханасында «Асхана бұрышы» стендіне ілінген.Асханада сонымен қатар «Дұрыс тамақтану» стенді де орналасқан, онда мектептің медициналық қызметкерлері жариялаған дұрыс және тиімді тамақтану туралы түрлі кеңестер мен ақпараттар ілінген.Ақпараттар мәліметі үнемі жаңартылып отырылады.

   Білім алушыларды мектеп асханасында тамақтандыру жұмысы алдағы уақытта да мектеп әкімшілігі, мектептің қамқоршылар кеңесі және ата-аналар комитеті мүшелері тарапынан үздіксіз қадағаланып отыр.

    Жалпы 910 оқушы санынан 128 аз қамтылған отбасында тәрбиеленіп отырған және 8 үйде оқитын ерекше білімді қажет ететін білім алушыны кеміткенде, қалған 774 (жеті жүз жетпіс төрт) білім алушы         бүгінгі күні мектеп  асханасында ата-ана есебінен ақылы тамақтанып отыр.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив