Қамқоршылар кеңесі отырысы №8 ХАТТАМА (көшірме) » ОШ №48 п. Ойтал
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№48 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-36-67
Версия
для слабовидящих
» » » Қамқоршылар кеңесі отырысы №8 ХАТТАМА (көшірме)
31
март
2021

Қамқоршылар кеңесі отырысы №8 ХАТТАМА (көшірме)

№48 жалпы орта білім беретін мектебі

қамқоршылар кеңесі отырысы

 №8 ХАТТАМА (көшірме)

Ойтал ауылы                                                                                                                              31 наурыз 2021 жыл

Төраға: Қамқоршылар кеңесі төрағасы Ш.Бидайбаев 

Отырыс өткен орын: №48 жалпы білім беретін мектебі, әдістемелік кабинеті 

Қатысқандар: Қамқоршылар кеңесі төрағасы мен мүшелері, №48 ЖОББМ директоры Б.Ахметбеков, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Асилбекова, бракераж комиссия мүшелері, барлығы 15 адам.


Хатшы М.Маделиев


КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

  1. «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету қағидасы негізінде Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің 2021 жылдың 30 наурызындағы №82 бұйрығына сәйкес 2021 жылдың сәуір айынан бастап мектеп асханасында мектептің 1-11 сынып білім алушылары арасында ақылы,  тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұйымдастыру.
  2. Әр түрлі мәселе


ТЫҢДАЛДЫ:


Отырысты қамқоршылық кеңес төрағасы Ш.Бидайбаев пен мектеп директоры Б.Ахметбеков алғы сөздермен ашып беріп, қатысушыларды күн тәртібіндегі мәселемен таныстырды. 

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша сөз алған, жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызметі көрсету қағидасының ұйымдастырылып жүргізілуіне жауапты маман  директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Асилбекова Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «Жалпы  білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұйымдастыру туралы» 2021 жылдың 30 наурызындағы №82 бұйрығына сәйкес 2021 жылдың 5 сәуірінен бастап №48 жалпы орта   білім беретін мектебінің асханасында 2020-2021 оқу жылында бекітілген атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған отбасынан шыққан, сондай-ақ жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім алушылар мен білім беру ұйымының алқалы басқару органы (педагогикалық кеңес) айқындаған 119 (жүз он тоғыз) білім алушыға тегін тамақтандыру ұйымдастырылатынын, ұйымдастыру шарасы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының    46-қосымшасындағы талаптарға сай жүргізілетінін, аталған бұйрық пен қаулыға сәйкес мектеп директорының бұйрығы шығарылғанын, бұйрықта асхананың жұмыс кестесі, мектеп әкімшілігі мен ұстаздар тарапынан бекітілген кезекшілік кестесі, сонымен қатар         46-қосымшаның 6-шы пунктінде көрсетілген асхананың толтырылуы тамақтану залының отыратын орындарының жобалық қуатынан 30-дан аспайтын мөлшерде жүзеге асыралады деген талапты сақтау мақсатында жасалған I- ауысымда және II- ауысымда тамақтанатын білім алушылардың  саны мен тізімдері көрсетілгенін баяндай келе, тамақтануды ұйымдастыру іс-шарасында білім алушылар сынып жетекшілерінің бақылауымен кестеде көрсетілген мерзімге сай жеке гигиеналық, санитарлық талаптарды, яғни, асханаға кіреберісте және тамақтану залында қол жууға арналған қолжуғыштар, келушілердің қолын өңдеуге арналған тері антисептиктерді қолдана отырып, арада кемінде 2 метр қашықтықты, 5 адамнан артық емес кезекті  сақтай отырып тамақтанатынын, сонымен қатар үстелдерді, орындықтарды және өзге де мүкәммалды орналастыруда үстелдер арасындағы және келілер арасындағы кемінде 2 метр қашықтықты сақтау талабы да қатаң сақталатын болатынын, дайындалған ас мәзірлері бракераж комиссиясының мүшелері, мектептің медициналық қызметкерлері Г.Нурымова мен Х.Бабатова тарапынан күнделікті тексерілетінін айтты.



ШЕШІМ:


  1. №48 жалпы орта  білім беретін мектебінің асханасында білім алушыларға тегін және жеңілдетілген тамақтандыру іс-шарасы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы   №67 қаулысының 46-қосымшасындағы талаптарға сәйкес жүргізілсін. Ұйымдастыру және жүргізілу жұмыстары мектеп әкімшілігі тарапынан қатаң бақылансын.




                                Кеңес төрағасы                                 Ш.Бидайбаев

                                Кеңес мүшелері                                 Г.Даулетбаева

                                                                                       К.Шакибаев

                                                                                       Д.Рысбек

                                                                                       К.Ахашов 

                                                                                       Р.Алпанов

                                                                                       Б.Ниязалиева                                                                

                                                                                       В.Стребкова

                                                                                       Б.Елеуисова

                                       Хатшы                                     М.Маделиев


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив