16
апрель
2022
"Мектеп білім алушыларының гигиенасы тақырыбындағы сынып сағаты
Білім алушылардың дұрыс тамақтану мәдениетінің негіздерін үйретуге бағытталған«Дұрыс тамақтану-үздік білім алуға апаратын жол» Ұлттық бағдарламасының аясында 05.04.2022ж.күні №48жалпы орта білім беретін мектебінде сынып жетекші Нуржигитова Г.Н.1«А»сыныбында «Мектеп білім алушыларының гигиенасы» тақырыбында сынып сағаты өтілді. Мақсаты: оқушыларды дұрыс тамақтану мәдениетімен таныстырып,денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейту . Адамның ағзасына қажетті тағамдық заттардың ерекшелігін,денсаулықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Тазалық гигиенасын сақтауға , әдептілікке, саналылыққа баулу.
Сынып сағатында оқушылар" Дұрыс тамақтану пирамидасымен" танысып, өз беттерінше дұрыс тамақтанудың ережелерін жазды.Тамақтану гигиенасының ережелерімен танысты. Дұрыс тамақтану арқылы денсаулығы нығайып,дене және ой қабілеті дамып артатынын түсінді.Тиімді тамақтану адам ағзасы үшін аса маңызды қажеттілік екенін білді. Денсаулықты күтуге, дұрыс тамақтана білуге,салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиеленді.