«Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі»
№48 жалпы білім беретін мектебінде тиімді тамақтануды ұйымдастыру бойынша
сыныптар арасында өткізілген сынып сағаттары туралы
Анықтама
17 ақпан 2020 жылы
27 қаңтар мен 27 ақпан аралығында республикалық «Мектеп асханасы» акциясы аясында №48 жалпы білім беретін мектебінде білім алушылар арасында тиімді тамақтануды ұйымдастыру мақсатында «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» тақырыбында 4 «А» сынып білім алушыларымен сынып сағаты өткізілді. Сынып жетекшісі А.Бектіғұлова білім алушыларға слайд арқылы тиімді тамақтанудың адам өмірінде алатын орны мен
Мақсаты
- Оқушылардың өз пікірлерін тыңдай отырып, қосымша мәліметтер бере отырып денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейту.
- Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.
- Денсаулықты күтуге,дұрыс тамақтана білуге тәрбиелеу.
Білім алушыларға жалпы тамақтанудың негізгі ережесін және дұрыс тамақтанудың алғышарттары сабақ барысында түсіндіріп өту.
7 «В» сыныбында «Фасфудтың адам өміріне зияндылығы» тақырыбында сынып сағаттары ұйымдастырылды. Сынып жетекшісі Қ. Чайдазим білім алушыларға сұрақ-жауап беріп, танымдық ойындар ұйымдастырды. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, соңында рефлексия жасады.
3 «Г» сыныбының сынып жетекшісі Сарторий О. «Правильное питание –залог здоровья» тақырыбында сынып сағатын өткізді.Білім алушыларға дұрыс тамақтанудың алғышарттарын түсіндіріп, сурет салды.
Оқушылар көрсетілген мәліметтер бойынша топқа бөлініп, тамақтану туралы өз пікірлерін білдірді. Асхана бұрышында көрсетіліп тұрған тыйым салынған заттардың құрамымен де таныстырылды.
Тойып тамақ ішуге болмайды. Тағамның мөлшері, оның сапасы, қабылдау кестесі, гигиена ережесі және қолайлылық этикасымен реттелуі керектігі түсіндірілді. Тамаққа деген тәбетіңіз болмай тұрып, ас қабылдамаңыз. Тамақтану тәртібі дегеніміз – ас қабылдауда белгілі бір уақытқа бағыну, сондай - ақ тамақтану кезінде астың мөлшерін және мәзірін сақтау деген ұғымды білдіреді,-пікірмен аяқтады.