Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысын ұйымдастыру
2022-2023 оқу жылында №48 жалпы орта білім беретін мектебінде білім алушылардың жекелеген санаттарына тегін тамақтандырудың ұйымдастырылуы және тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысын ұйымдастыру туралы
Анықтама
Ойтал ауылы 03.11.2022 жыл
2022 жылдың 2 қарашасында мектептің акт залында мектеп ұжымының 2022-2023 оқу жылының 1-оқу тоқсандық қорытындысы бойынша кезекті педагогикалық кеңес отырысы өтті.
Педагогикалық кеңестің күн тәртібінде қаралатын 3-ші мәселе тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераж) комиссия жұмысының 1-тоқсандағы қорытынды есебіне арналды.
Аталған мәселе бойынша комиссия мүшесі, мектептің әлеуметтік педагогы М.Маделиев тоқсан бойынша атқарылған жұмыс бойынша зерделеу анықтамасын жасады.
Маман өз сөзінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығына 10-қосымша «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары мен «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленушіні және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 8 маусымдағы №235 бұйрығы және «Білім беру объекттілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы №ҚР ДСМ-76 бұйрығына сәйкес №48 жалпы орта білім беретін мектебінде білім алып отырған жекелеген санаттағы балаларды 2022-2023 оқу жылында мектеп асханасында бір мезгіл тегін тамақпен қамту мақсатында 2022 жылдың 27 тамызында мектепішілік тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераждық) комиссия құрамын, тиісті мамандарды бекіту, ауыз су режимін ұйымдастыру және мектеп асханасында жекелеген тамақ өнімдерін сатуға тыйым салу туралы мектеп директорының бұйрықтары шығып, бекітілді.
Бұйрықта тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераждық) комиссия құрамы 9 (тоғыз) адамнан, сонымен қатар тиісті мамандардың бекітілгені және мектептің интернет ресурсының «Мектептік тамақтандыру» айдарында үздіксіз мониторинг жүргізіліп отырылсын деген талаптар нақтыланып көрсетілді.
Жоғарыда аталған мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына сәйкес бүгінгі күні атаулы көмек алатын 35 отбасында тәрбиеленіп отырған мектеп жасындағы 75 білім алушы мен тұрмыс жағдайы төмен, әлеуметтік көмекке мұқтаж 32 аз қамтылған отбасынан шыққан 81 білім алушы, жалпы саны 67 отбасынан 156 білім алушы жинақталған құжаттар негізінде алқалық басқару орган шешімімен 2022-2023 оқу жылының қыркүйек-қазан айларында мектеп асханасында бір мезгіл тегін тамақпен қамтылып отыр. Қараша айына тамақтанатын балалар санына 2022 жылдың 4 тоқсанында атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақысы тағайындалған 1 отбасынан (Даниярлар отбасы) 3 білім алушы қосылып, жалпы тамақтанатын бала саны 159 баланы құрап отыр.
32 аз қамтылған отбасының әлеуметтік – тұрмыстық жағдайы 2022 жылдың шілде-тамыз айларында тұрғылықты мекенжайлары бойынша Ойтал ауылдық округінің мамандарымен бірлесе отырып тексерілді, ол туралы тиісті актілер толтырылды, тексеру барысында барлық тексерілген барлық отбасылар әлеуметтік - материалдық көмекке мұқтаж екендігі анықталды. Аталған қызмет көрсету стандартының талаптарына сәйкес аталған балалардың ата-аналарынан өтініштер алынып, балалардың құжаттары жинақталып, барлық мәлімет қыркүйек айында мектептің Ұлттық білім беру деректер қоры базасына енгізілді. Білім алушыларды мектеп асханасында тамақтандыру жұмысы алдағы уақытта да мектеп әкімшілігі және алқалық орган мүшелері тарапынан оқу жылы бойы қадағаланатын болады.
Нақтыланған талаптарға сәйкес жасақталған комиссия құрамы қыркүйек және қазан айларының соңында мектеп асханасына мониторинг (тексерістер)жүргізді. Мониторинг барысында мектеп асханасында санитарлық талаптардың сақталуы, асхананың жабдықталуы, ауыз су режимінің ұйымдастырылуы, асхана аспаптарының жай-күйі, қоймалардың санитарлық жағдайы, тыйым салынған тағамдардың сатылмауы, асхана қызметкерлерінің денсаулығы, сыртқы келбеті және олардың қалыпты жұмыс жасауына жағдайдың жасалуы тексерілді. Тексеріс қорытындылары комиссияның отырысында қаралып, тиісті шешімдер қабылданды. Кейбір асхана аспаптарының жетіспеу туралы кемшілік бойынша қазан айында аудандық білім бөліміне мектеп әкімшілігі тарапынан кезекті сұраныс жасалды. Алайда жыл соңындағы қаржы тапшылығына байланысты сұранысымыз білім бөлімі тарапынан қанағаттандырылмай отыр.
Өз кезегінде білім алушыларды мектеп асханасында тамақтандыру жұмыс бойынша барлық атқарылған іс-шаралар жиынтығы үздіксіз мектептің интернет ресурсының «Мектептік тамақтандыру» айдарында салынып отыр деп айтып, баяндап отырып:
1. Бекітілген кезекшілер мен сынып жетекшілері тарапынан білім алушылардың
мектеп асханасында бір мезгіл тегін тамақпен қамтылуы оқу жылы бойы
үздіксіз қадағалансын.
2. Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераждық)
комиссия жұмысы жандандырылсын. Жұмыс бағыты күшейтілсін.
3. Мектептің интернет ресурсының «Мектептік тамақтандыру» айдарында
оқу жылы бойы үздіксіз мониторинг жүргізілсін деген ұсыныстар жасады.
Анықтаманы дайындаған: әлеуметтік педагог М.Маделиев