№48 жалпы орта білім беретін мектебінде «Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру» онкүндігін ұйымдастыруда «Ашық есік күні» іс-шарасының өтуі туралы
№48 жалпы орта білім беретін мектебінде «Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру» онкүндігін ұйымдастыруда «Ашық есік күні» іс-шарасының өтуі туралы
Анықтама
Ойтал ауылы 18.09.2025 жыл
Меркі ауданының білім бөлімінің салауатты өмір салтын насихаттау және тамақтандыру жұмысының сапасын арттыру мақсатында «Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру» тақырыбыңда онкүндігін ұйымдастыру іс-шара жоспарының аясында 2025 жылдың 17 қыркүйегінде №48 жалпы орта білім беретін мектебінің асханасында мектеп әкімшілігі мен мектептің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераждық) комиссия (әрі қарай-комиссия) мүшелері мен ата-аналардың қатысуымен «Асханаға қош келдіңіз!» тақырыбында ата-аналар үшін «Ашық есік күні» іс-шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шараға комиссия мүшелері мен мектепте білім алып отырған жекелеген санаттағы білім алушылардың ата-аналары қатысып, олар өз кезегінде сол күні ас мәзіріне сай дайындалған тағамның дәмін көріп, салмағын өлшеп, жалпы тегін тамақты ұйымдастыру жұмысымен, дайындалған тағамдардың сапасымен танысты.
Іс-шара барысында сөз алған комиссия төрағасы, мектеп директоры Б.Ахметбеков іс-шараға қатысушыларды комиссия жұмысымен, әрбір мүшенің функционалдық міндеттерімен, жалпы 2025-2026 оқу жылында мектеп асханасында тегін және ата-ана есебінен тамақтанып отырған білім алушылардың санымен, мектеп асханасының санитарлық жағдайымен, азық-түлік тауарларын мектеп асханасына жеткізуші өнім беруші, мердігер «Токсейтов А.Т.» ЖК жұмысымен, жалпы аталған онкүндіктің мақсат, мүддесімен таныстырып өтіп мектеп асханасында тағам мәзірлері облыстық білім басқармасы мен мердігердің диетолог мамандары тарапынан дайындалатынында айтып өтіп аталған бағыттағы іс-шаралар комиссия тарапынан тамақтану бойынша жаңа оқу жылына жасалған жылдық жоспарына сай алдағы уақытта да ұйымдастырылып өтетін айтып өтіп, асхананың санитарлық тазаалы, асханада тыйым салынған тағамдар мен өнімдердің сатылмауында және тағамдар мен аспаз өнімдерінің сапасын органолептикалық бағалау жұмысындағы мектеп медициналық қызметкерлерінің ерен еңбегінде атап өтіп, аталған сала қызметкерплеріне алғысын білдірді.