«Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру» онкүндігінің қорытындысы бойынша тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераждық) комиссия отырысының өтуі туралы » ОШ №48 п. Ойтал
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№48 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-36-67
Версия
для слабовидящих
» » » «Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру» онкүндігінің қорытындысы бойынша тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераждық) комиссия отырысының өтуі туралы
24
сентябрь
2025

«Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру» онкүндігінің қорытындысы бойынша тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераждық) комиссия отырысының өтуі туралы

 «Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру»    онкүндігінің қорытындысы бойынша тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераждық) комиссия отырысының  өтуі туралы 

Анықтама

Ойтал ауылы                                                                                                          24.09.2025 жыл


        Онкүндік ұйымдастыру іс-шара жоспарына сай 2025 жылғы 23 қыркүйегінде   №48 жалпы орта білім беретін мектебінің мәжіліс залында  аталған онкүндіктің өту қорытындысы бойынша мектептің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераждық) (әрі-қарай- комиссия) комиссияның  отырысы ұйымдастырылды.

            Отырысқа комиссия мүшелері: мектеп директоры Б.Ахметбеков, білім алушылардың мектеп асханасындағы тамақтану жұмысына жауапты маман, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Асилбекова, мектептің шаруашылық меңгерушісі Е.Бейсеналиев, мектептің медициналық қызметкері Х.Бабатова, Ойтал ауылдық округ әкімінің орынбасары Қ.Шакибаев, қамқоршылық кеңес мүшесі, ата-ана А.Мендиярова, аспазшы Э.Шарипбаева, комиссия хатшысы М.Маделиев пен мектеп әкімшілігі тарапынан директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Омарова, директордың құқықтық және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары М.Суюндикова, А.Барлыбаева және  бірнеше сынып жетекшілері қатысты.

Басшы сондай-ақ мектеп асханасында білім алушыларды бір мезгіл тегін және ата-ана есебінен ақылы тамақтану бойынша комиссияның күнделікті, апта және ай сайынғы жұмыстарына тоқталып өтіп, республиканың барлық білім ұйымдарындағы білім алушылардың мектеп асханасында бір мезгіл тамақтану мәселесі, жасөспірім мен балалар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу сияқты республикадағы білім саласындағы өзекті мәселелердің бірі екенін айта келе, маңыздылығына қарай  аталған мәселе тоқсан сайын қосымша педагогикалық кеңестің, ай сайын директор жанындағы кеңестің отырысында қаралып отырылғанын, мониторинг нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктер жауапты амандар тарапынан дер кезінде түзетіліп, жойылып отырылғанын, балаларды сапалы, тиімді тамақтандыру мен анықталған кемшіліктерді жоюда өнім беруші, кәсіпкер «Токсеитов А.Т.» ЖК тарапынан тиісті, сапалы жұмыстар атқарылып отырылғанын да айтып, мектептің әлеуметтіңк педагогы М.Салаховаға онкүндіктің барлық іс-шара материалдары мектептің «Тамақтандыру айдары» сайтына уақтылы  салу туралы тапсырма берді. 

            Аталған жұмыс бағытына жауапты маман А.Асилбекова өз кезегінде онкүндік іс-шараларының уақтылы, өз дәрежесінде өтуі өзінің жеке   қадағалауында болғанын, барлық жоспарланған іс-шаралар өз деңгейінде өткенін, осы атқарылған жұмыстар алдағы уақытта да комиссия тарапынан өз жалғасын табуы керек, комиссия жұмысы үнемі жандандырылуы тиіс деп сөзін аяқтай келе өз ұсынысын айтты.   


            Отырысты  комиссия төрағасы Б.Ахметбеков ашып беріп, өз сөзінде төраға қатысушыларды аталған онкүндіктің  мақсат, мүддесімен таныстырып өтіп, онкүндік жоспарға сәйкес өз деңгейінде өткенін айтып өтіп, іс-шараны ұйымдастырушы- мектептің әлеуметтік қызмет мамандары М.Маделиев пен М.Салаховаға алғысын білдірді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив