№48 жалпы орта білім беретін мектебі бойынша 1 – 11 сынып білім алушылары және олардың ішінде жекелеген санаттағы білім алушылар мен олардың ата–аналарынан мектеп асханасындағы тамақтың сапасын анықтау
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу–ағарту министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі №95 бұйрығымен бекітілген «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылармен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары, "Денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында тамақтану стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-302/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 4 наурыздағы № 16 бұйрығы мен Меркі ауданының білім бөлімінің салауатты өмір салтын насихаттау және тамақтандыру жұмысының сапасын арттыру мақсатында «Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру» тақырыбыңда 2025 жылдың 18-25 қыркүйек аралығында онкүндік өткізу туралы жолданған 2025 жылғы 9 қыркүйектегі №1516 хатына сәйкес №48 жалпы орта білім беретін мектебінде «Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру» тақырыбыңда онкүндіктің өту жоспары негізінде 2025 жылдың 17-19 қыркүйек күндері аралығында тамақтану сапасы бойынша мектеп асханасында бір мезгіл тегін тамақпен қамтылып отырған бастауыш 1-4 сынып және 5-11 сыныптарда оқитын жалпы саны 377 білім алушы мен бірнеше ата-аналардан тамақтану сапасы бойынша сауалнама алынды.
Сауалнамаға 1-11 сыныптар арасынан жалпы саны 377 білім алушы қатысты. Сонымен қатар қазақ сыныптарынан 12 ата – ана, орыс сыныбынан 9 ата – ана, жалпы саны 21 ата-ана сауалнамаға қатысты. Сауалнама қорытындысы төмендегі нәтижені көрсетті:
№ | Сұрақтар | Жауаптар саны | Сапа-лық көрсеткіш % |
«Тағамға балалардың көзқарасы»
1 | Мектеп асханасында тамақтың дайындалуы саған ұнайды ма? | 377 | 100 % |
2 | Сен қаншалықты жиі мектеп асханасында тамақтанасың? а) күнделікті б) кейде в) асханаға бармаймын, қымбат | 207 152 18 | 55,3 % 40,3 % 4,7 % |
3 | Қандай тағамның түрлері саған ұнайды? | 359 | 100 % |
4 | Ыстық тегін тағам сенің оқу үлгеріміңді жақсартады деп ойлайсың ба? | 341 | 90,4 % |
5 | Дұрыс тамақтанбаудың қандай ауруларға апаратындығын білесің бе, олардың атауларын келтір | 318 | 84,3 % |
«Тағамға ата – аналардың көзқарасы»
1 | Мектеп тағамын ұйымдастыру жүйесі Сізді қанағаттандырады ма? | 21 | 100 % |
2 | Сіз мектеп ыстық тағамының ұйымдастырылуын ұтымды санайсыз ба? | 21 | 100 % |
3 | Балаңызға мектеп асханасында тамақтану ұнайды ма? | 21 | 100 % |
4 | Әрдайым асханада мектеп ас мәзірімен танысу мүмкіндігіңіз болады ма? | 12 | 57,1 % |
5 | Мектеп асханасының жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстарыңыз | 15 | 71,4 % |
Мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша мектеп асханасындағы тағам өнімдерінің сапасын анықтау мақсатында алынған сауалнама қорытындысы бойынша мектеп асханасынан тамақтанатын жалпы 377 білім алушыдан қойылған сұрақтарға жауап алынды. Сонымен қатар 29 ата – анадан алынған сауалнама нәтижесінде мектеп асханасында дайындалып отырған тағам өнімдерінің сапасы жақсы, қанағаттанарлық екені анықталды.
Өз кезегінде тағамдардың сапалы, тиісті нормада дайындалуда "Денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында тамақтану стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-302/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 4 наурыздағы № 16 бұйрығының талаптары қатаң сақталуда.
Іс-шара барысында мектеп әкімшілігі мен тамақтанудың сапасына монитринг жүргізу жөніндегі (бракераждық) комиссия тарапынан білім алшыларға сапалы тағам өнімдерін дайындауда тынымсыз, жауапкершілікпен жұмыс атқарып отырған асхана аспазшысы Э.Шарипбаева мен асхана қызметкерлерінің ерен еңбектері айтылып, аталып өтті.
ҰСЫНЫС:
1. Мектеп асханасындағы тамақтың сапасын қадағалау мақсатындағы атқарылатын жұмыс бағыты жоспарға және санитарлық талапқа сәйкес жүйелі түрде жүргізілсін.
2. Мектеп асханасындағы білім алушылардың тегін және ата-ана есебінен тамақтануы комиссия тарапынан оқу жылы бойы үздіксіз қадағалансын.
3. Білім алушылардың мектеп асханасында уақтылы және сапалы тамақтануы мектеп әкімшілігі мен асхана кезекшілері және сынып жетекшілері тарапынан үздіксіз қадағалансын.
4. Білім алушылардың сапалы тамақтануы мақсатында өнім беруші «Тоқсеитов А.Т» ЖК тарапынан жеткізілген тауарлар сапасы мен мөлшері комиссия тарапынан қатаң бақылансын.