Ақпараттық бағдарламалық кешен және «Әлеуметтік әмиян» жобасының тиімділігі жүзеге асырылуы бойынша Анықтама
Әлеуметтік әмиян- бұл мектептерде шешуші рөл атқаратын әлеуметтік қолдауды дамытудағы маңызды қадам.
Әлеуметтік әмиян мектепткерге қағазбастылық жұмыстарынан арылу, балалардың тамақтануы қатаң түрде ваучер, яғни, сәйкестендіру (QR, Face ID, карточкалар) арқылы автоматтандырылған жүйе арқылы жүретіні туралы өзгерістер енгізе отырып баланың әлеуметтік құқықтарын іске асырудың цифрлық кепілдігі болады.
Цифрлы тексеру тегін тамақтану кезінде қатьелер мен орынсыз пайдалануды болдырмайды.Жүйе көмекті заң бойынша кімге керек болса, дәл сол тұлғаның көмек алатынына кепілдік бере отырып ата-аналар тамақтану сапасы туралы пікір қалдыра алады, бұл жүйенің деңгейін көтеруге көмектеседі.Осылайша, баланың дұрыс тамақтану құқығын іске асыруға отбасының қатысуы қамтамасыз етіледі.
Әлеуметтік әмиян- адал есеп және кәсіпкерлер үшін көрсетілген қызметтердің ашық есебі, есептілікті жеңілдету, компанияның имиджін, сенімін арттыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға жаңа мүмкіндіктер.
Бизнес әмиян-бұл білім беру ұйымдарынына QR кодтарын сканерлеу арқылы балаларға тегін тамақ беруді ұймдастыруға мүмкіндік беретін қосымша.Ол ЖШС, ЖК сияқты ұйымдарға және олардың мектептермен жұмыс істейтін қызметкерлеріне арналған.
Жобаның артықшылығы мен тиімділігі, егер мектепте ақпараттық бағдарламалық кешен (әрі қарай- АБК) орнатылған болса, өнім беруші, жеткізушіге қосымшаларды орнатудың қажеті жоқ, асхана АБК жүйесі арқылы жұмыс істейтін болады.
Өз кезегінде АБК-нің жұмыс мақсаты: электрондық құжат айналымын жеңілдету; жылдам есеп беру, талдау жасау; ата-ана, мұғалім, әкімшілік арасында байланысты автоматтандыру.