01
февраль
2022
«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы пәнаралық байланыстың маңызы» тақырыбында дөңгелек үстел
№48 жалпы орта білім беретін мектебінде 01.02.2022 жылы әдістемелік бірлестік жетекшілері және пән мұғалімдерінің қатысуымен «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы пәнаралық байланыстың маңызы» тақырыбында ДОТІЖО А.Асилбекованың ұйымдастыруымен «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасының міндеттерін іске асыру мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: Пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру; Оқушылардың оқу танымдық қызметі мен мұғалімнің оқыту қызметінің өзара байланысын күшейту.
Дөңгелек үстел барысында пәнаралық байланыс орнатудың тиімділігі мен білім сапасын арттыруда маңыздылығы туралы ой қозғады. Қатысушылар өзара пікір алмасып, білім алушылардың білім сапасын арттыруда басқа да маңызды мәселелерді талқылады. Әдістемелік бірлестік жетекшілері өз пәндері бойынша пәнаралық байланысты орнатудың тиімділігі туралы өз ойларымен бөлісті.