Әлеуметтік қызметінің үйде оқитын балалардың АКТ құралдарымен қамтылуы жағдайы
№48 ЖОББМ-нің әлеуметтік қызметінің үйде оқитын балалардың жұмыс орындарын бағдарламалық- техникалық құралдармен қамтамасыз ету туралы
Анықтама
Ойтал ауылы 10.09.2023 жыл
Денсаулығына байланысты үйде оқитын балалардың жұмыс орындарын бағдарламалық-техникалық құралдармен қамтамасыз ету мақсатындағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығының үйде оқитын мүгедек-балалардың жұмыс орындарын бағдарламалық-техникалық құралдармен қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік хаты мен мектептің әлеуметтік қызметінің 2023-2024 оқу жылында үйде оқитын балалармен атқарылатын жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылдың 9 қыркүйегінде№48 жалпы орта білім беретін мектеп әкімшілігі тарапынан «Меркі аудандық ведомствоаралық психологиялық–медициналық-педагогикалық консультациясы» КММ-сі 2023 жылы берген қорытындылары негізінде үйде оқитын 9 «а» сынып білім алушысы Абал Амина Ғабитқызы, 7 «д» сынып білім алушысы Елеусинов Алан Булатович, 6 «ә» сынып білім алушысы Сейдашым Меліс Нуркенұлы, 3 «д» сынып білім алушысы Нагиев Руслан Ралисович, 3 «д» сынып білім алушысы Жолдасбек Әліби Қаныбекұлы мен 5 «г» сынып білім алушысы Косякова Виктория Евгеньевна нетбук компьютерлік құралмен қамтылды. Нетбук құралы балаларға 2023-2024 оқу жылында білімін шыңдау мақсатында берілді.Балалардың жұмыс орындарын бағдарламалық-техникалық құралдармен қамтамасыз ету туралы 2023 жылдың 1 қыркүйегінде мектеп бұйрығы шығарылды.
Бұйрыққа сәйкес берілген компьютерлік құралдардың 2023-2024 оқу жылында үздіксіз, сапалы жұмыс істеуі мектептің ақпараттық іс жөніндегі маманы А.Расилов пен сынып жетекшілері тарапынан қадағаланып, бұйрықтың орындалуын қадағалау директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Омароваға жүктелді.