29
март
2022
2021-2022 оқу жылының III-тоқсанында мектеп асханасында білім алушылардың ата-ана есебінен және тегін тамақпен қамтылуы


Балалардың мектеп асханасында бір мезгіл тегін тамақтануына мектеп әкімшілігі, асхана қызметкерлері тарапынан барлық жағдай жасалынып, олардың уақтылы 2 ауысымда тамақтануына сынып жетекшілері, мектеп әкімшілігі тарапынан кезекшілік ұйымдастырылып қадағаланды.Асхана жұмысы мен балалардың тегін және ата-ана есебінен тамақтануы карантин кезеңінде мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру барысындағы шектеу іс–шаралары туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 13 тамыздағы №3-15-2/3162-И хаты мен Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 2021 жылғы 16 тамыздағы №03-4644 хатына сай жүзеге асырылып отыр.
2021-2022 оқу жылында мектеп басшысының 01.09.2021 жылғы №243 бұйрығына сәйкес тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия құрамы бекітіліп, комиссияның жылдық жұмыс жоспары құрылды.Комиссия құрамы апта сайын асхананың санитарлық жағдайын, тамақтану кезінде білім алушылардың санитарлық-гигиеналық тазалық талаптарын сақтауын, ас мәзірінің дұрыс әзірленуін, сақталуын, ас әзірлейтін азық-түлік пен дайындалған астың сапасын, аспазшылардың денсаулығын, тазалығын тексеріп, анықтап, қорытындысын комиссия хатшысы тексеру журналына жазып отырады.
Ойтал ауылдық округ әкімшілігімен тығыз жұмыс атқарылу барысында 2022 жылдың қаңтар айынан бері атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақы тағайындалған отбасылар санында өзгерістер болғаны анықталды, яғни, бірнеше отбасында аталған әлеуметтік жәрдемақылар түрлі себептермен тоқтатылған болса, керісінше бірнеше отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақысы жаңадан тағайындалған.Тиісінше мектептік әлеуметтік қызмет мамандары тарапынан жәрдемақы тағайындалған немесе жәрдемақысы тоқтатылған отбасылардың нақты санын анықтау мақсатында жұмыстар атқарылып, атқарылған жұмыстар нәтижесінде 2022 жылдың наурыз айында атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақысы жаңа тағайындалған 3 отбасынан 5 бала анықталып, мектеп асханасында бір мезгіл тегін тамақпен қамтылған бала саны 135 бала болып отыр.
Сәуір айында да аталған 135 бала мектеп асханасында бір мезгіл тегін тамақпен қамтылатын болады. Алайда Ойтал ауылдық округының мамандары тарапынан округ тұрғындары арасынан 2022 жылдың жаңа II-ші тоқсанына атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақысын тағайындау үшін құжаттар қабылдау жұмысы 10-шы сәуірден басталуына байланысты балалар саны өзгеруі мүмкін.
2022 жылдың наурыз айында мектепте білім алып отырған жалпы саны 914 білім алушыдан үйде оқитын 8 бала мен аз қамтылған отбасынан шыққан бала ретінде мектеп асханасында бір мезгіл тегін тамақпен қамтылып отырған 135 баланы шегергенде, 1-11 сыныптар аралығындағы білім алып отырған қалған 771 (жеті жүз жетпіс бір) білім алушы ата - ана есебінен мектеп асханасының буфетінде тамақпен қамтылды.
Өз кезегінде мектептің тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия құрамы әр аптаның соңында мектеп асханасына тексерулер жүргізіп отырады, тексеру нәтижелері бойынша тиісті актілер тіркеліп, бракераж журналына тіркеліп отырылады.Тексеріс барысында анықталған кемшіліктер мүмкіншілікке сәйкес жойылуда, атап айтсақ, наурыз айында асхананың терезелеріне санитарлық талапқа сәйкес арнайы торлар орнатылды.
Сондай-ақ жауапты мамандар тарапынан мектептің интернет ресурсының «Мектептік тамақтандыру» сайтына үздіксіз материалдар салынып отыр.
Білім алушыларды мектеп асханасында тамақтандыру жұмысы алдағы уақытта да мектеп әкімшілігі және қамқоршылар кеңесі тарапынан қадағаланатын болады.
Ұсыныс: 1. Бекітілген кезекшілер мен сынып жетекшілері тарапынан білім алушылардың
мектеп асханасында тегін тамақпен қамтылуы оқу жылы бойы үздіксіз
қадағаланылып, шектеу іс-шаралары кезеңіне сәйкес тамақтандырудың
сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия (бракераж) комиссиясының
жұмысы жандандырылсын.
2. Мектептің интернет ресурсының «Мектептік тамақтандыру» айдарында
үздіксіз мониторинг жүргізіліп отырылсын.
Дайындаған: әлеуметтік педагог М.Маделиев