Мектептегі тиімді тамақтандыруды насихаттау
№48 жалпы орта білім беру мектебінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №725 қаулысымен бекітілген «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау «2021-2025» жылдарға арналған ұлттық жобасын тиімді іске асыру шеңберінде 2023-2024 оқу жылының 1-10 қазан аралығында «Дұрыс тамақтану – ұзақ білім алу жолы !» тақырыбыңдағы онкүндіктің өткізілгендігі туралы атқарылған іс-шаралар
Анықтамасы
Ойтал ауылы 10.10.2023 жыл
2023 жылдың 4 қазан күні мектептің медициналық қызметкерлері Бабатова Хадижат Хизриевна мен Джазбакова Кумис Умаровна Меркі ауданы денсаулық сақтау орталық емханасының «Жастар денсаулық орталығының» жылдық жоспарына сәйкес мектептің 1-4 сынып білім алушылары арасында «Дұрыс тамақтану сізге дені сау әрі әдемі болуға көмектеседі» тақырыбында әңгімені жүргізді.
Әңгімеге барлық бастауыш сыныптарынан 341 білім алушы қатысты.
Сонымен қатар аталған медициналық қызметкерлер тарапынан мектептің 2023 жылдың 3 қазан күні 5-8 сынып білім алушылары арасында «Минералдар мен дәрумендердің ағзаға пайдасы» тақырыбында әңгімені жүргізді. Аталған іс-шараға сыныптар арасынан 367 білім алушы қатысты.
Аталған мекеменің жылдық жоспарына сәйкес 2023 жылдың 5 қазанында медициналық қызметкерлер Бабатова Хадижат Хизриевна мен Джазбакова Кумис Умаровна 4-7 сынып білім алушылары арасында «Дене салмағы индексі мен балалардағы семіздік» тақырыбында әңгіме жүргізді. Әңгімеге барлық 4-7 сынып білім алушылары мен сынып жетекшілері қатысты. Сондай-ақ аталған мамандар тарапынан 10 қазан күні 5 сынып білім алушылары арасында «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» тақырыбында әңгіме жүргізілді.
Білім алушылар мен педагог ұжымға дұрыс тамақтануды насихаттау мақсатында «Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі» тақырыбында мектеп асханасында арнайы стендтер жасалып орнатылды