28
январь
2020
«Біз қалай тамақтанамыз?»
№48 жалпы білім беретін мектебінде 27 қаңтар мен 27 ақпан аралығында ұйымдастырылған акция барысында 5 А сыныбымен «Біз қалай тамақтанамыз?» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Сынып жетекшісі А.Кушембаева оқушыларды тиімді тамақтанудың алғышарттарымен таныстырды. Көше дүкендерінде сатылатын тағамдардың барлығын сатып алуға болмайтындығын ескертті. Тамақ ішердің алдында, тамақ ішіп болған соң қолдарын сабындап жууды айтып өтті. Тәрбие сағатында оқушыларға слайд түрінде кернекті мәліметтер көрсетілді.