04
февраль
2020
«Ас-адамның арқауы»
№48 жалпы білім беретін мектебінде 27 қаңтар мен 27 ақпан аралығында ұйымдастырылған акция барысында 6 «Б» сыныбымен «Тамақтану мәдениеті» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Сынып жетекшісі С.Жолымбекова акция барысында оқушыларды тиімді тамақтанудың алғышарттарымен таныстырды. Оқушылар өлең жолдарын оқып, сахналық қойылым дайындап көрсетті. Таза, ұқыпсыз жүретін оқушының бойында кездестін тазалықтың мағынасын түсіндіріп өтті. Асханаға тамақтануға барған сәтте тек қана қайнатылған суды ішу кректігі де айтылып өтті. Тәрбие сағатының соңында оқушылардан кері байланыс алынды.