29
январь
2020
«Дұрыс тамақтана білесіз бе?»
№48 жалпы білім беретін мектебінде 27 қаңтар мен 27 ақпан аралығында ұйымдастырылған акция барысында 5 В сыныбымен «Дұрыс тамақтана білесіз бе?» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Сынып жетекшісі Р.Сейілжан оқушыларды тиімді тамақтанудың алғышарттарымен таныстырды. Оқушылардан сауалнама алды. Топқа бөліп, топтық тапсырмалар орындады. Дұрыс тамақтанудың рациондарын тәрбие сағаты барысында құпия сөздер арқылы оқушылар өздері ойланып мәлімет беріп кетті. Мұғалім тәрбие сағатына жоғары деңгейде дайындалған.