03
февраль
2020
«Салауатты өмір салтын ұстан!»
№48 жалпы білім беретін мектебінде 27 қаңтар мен 27 ақпан аралығында ұйымдастырылған акция барысында 11 «А» сыныбының «Салауатты өмір салтын ұстан!» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Сынып жетекшісі Н.Камбарова акция барысында оқушыларды тиімді тамақтанудың алғышарттарымен таныстырды. Салауатты өмір салтын ұстануды қалыптастыратын тақырыпта эссе жазылды. Оқушылар проблемалық сұрақтарды көтере отырып, қазіргі тағамдарда кездесетін сапасыз дәрумендердің бар екендігі де айтылды. Өмірлік мысалдар келтірілді.