10
март
2022
Кәсіптік бағдар беру
«Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүзеге асыруға бағытталған 2021-2022 жылдарға арналған іс- шаралар жоспарын» басшылыққа алып, №48 жалпы орта білім беретін мектебінің психологтары А.Тагайбаева мен М.Музарапова 11 сынып білім алушыларына Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 2022 жылдың 02 наурызындағы №03-542 хатына сәйкес «Мәңгілік ел жастары индустрияға!» - «Серпін» әлеуметтік жобасы аясында Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің өкілдерінен құрылған жұмыс тобы оқытушы Муфтинов Ернар Бегайдарович және профессор Римханова Айнагуль Рымбековнаның ұйымдастыруымен кәсіби бағдар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсіндіру жұмыстары бойынша қандай мамандыққа қанша балл жинау керек екенінде айтып өтті.