Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы «13» тамыздағы № 345 бұйрығына қосымша » ОШ №48 п. Ойтал
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№48 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-36-67
Версия
для слабовидящих
» » » Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы «13» тамыздағы № 345 бұйрығына қосымша
12
январь
2021

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы «13» тамыздағы № 345 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2020 жылғы «13» тамыздағы 

№ 345 бұйрығына қосымша


Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

1-тарау. Жалпы ережелер


1. Орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыруға  жөніндегі осы Әдістемелік ұстаным (бұдан әрі – Әдістемелік ұсынымдар) коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде қашықтан оқытуды ұйымдастырудың оңтайлы жағдайларын және орта мектепте жаңа оқу жылының ұйымдасқан түрде  басталуын қамтамасыз ету мақсатында жасалынған.Әдістемелік ұстаным меншік түріне қарамастан барлық білім беру ұйымдарында пайдаланылады.

2. Орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру нысаны санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға байланысты анықталады:

1) Білім алушылардың, педагогтердің және басқа қызметкерлердің денсаулығын сақтау мақсатында оқу процесі мектеп алдындағы, 1-11 (12) сыныптарда қашықтық форматта ұйымдастырылатын болады.

2) Білім беру ұйымдарының мектепалды, 1-5 сыныптарының білім алушылары үшін сыныпта 15 балаға дейінгі контингенті бар ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің өтініші бойынша кезекші сыныптар ұйымдастырылуы мүмкін. Мектептерде тиісті жағдайлар болған жағдайда, ата-аналардың немесе балалардың заңды өкілдерінің өтініші бойынша білім алушылар қабылданады. Ол үшін ата-аналар 1-қосымшада көрсетілген үлгі бойынша өтініш беруі тиіс.

3) Меншік нысанына қарамастан мектептердің қызметінде санитариялық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып, сыныптарда 15 адамға дейін     балалар саны 300 адамға дейінгі шағын  котингентті мектептерге штаттық режимде рұқсат етіледі.

4) сыныптардың жинақталуын 15 баладан асырмай сақтаған жағдайда ата - аналарының өтініші бойынша жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5-сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейін кезекші сыныптарда оқыту.

4) Сырқаттанушылық тұрақты қысқарған кезде Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен эпидемиологиялық жағдайға сәйкес білім беру ұйымының аралас немесе штаттық режимге біртіндеп ауысуы жүзеге асырылады.

6) Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған арнайымектеп-интернаттарда (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға), мектеп жанындағы интернаттарда,балаларды жыл бойы оқытуды және сауықтыруды жүзеге асыратын оқу-сауықтыру орталықтарында ата-аналардың өтініштері негізінде, тиісті жағдайлар болған жағдайда, қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, барлық сыртқы байланыстарды шектей отырып, жабық режимде жұмыс ұйымдастырылатын болады.

7) Мектеп қашықтан оқытудан штаттық режимге ауысқан кезде білім алушылар ата-аналарының қалауы бойынша қашықтан оқытуды жалғастыруы мүмкін. Ол үшін ата-аналар 1-қосымшада ұсынылған үлгі бойынша өтініш беруі керек.




Толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы жүктей аласыздар
345-kosymsha.pdf [610,98 Kb] (cкачиваний: 3)
Посмотреть онлайн файл: 345-kosymsha.pdf

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив