11
февраль
2022
«Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» жас мамандар байқауы
№48 жалпы орта білім беретін мектебінде 2022 жылдың 11 ақпан күні «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» жас мамандар байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты: жас педагогтардың әлеуметтік статусын және шығармашылық потенциалын белсендіру, әрі қарай кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне жағдай жасау.
«Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» жас мамандар байқауына жоғары және кәсіби орта білімді , білім мекемесінде үш жылға дейін педагогикалық еңбек өтілі бар жас мамандар қатысты. Жас мамандар байқаудың 4 кезеңі бойынша кәсіби шеберліктерін көрсетті.
1. «Шығармашыл жолдың бастамасы» (өзін-өзі таныстыру)
2. Ашық сабақ
3. Педагог портфолиосын қорғау
4. «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» тақырыбында эссе жазу
Байқауға қатысушылардың ашық сабақтары 7-10 ақпан аралығында өткізілді. Ашық сабаққа мектеп әкімшілігі мен байқаудың әділқазы алқалары қатысып, жас мамандарға ұсыныстарын айтты. 11 ақпан күні жас мамандар «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» тақырыбында эссе жазды. Эссе жазу барысында педагогтің ойын нақты және дәлелді жеткізуі, ой өрісінің кеңдігі, жаңашылдығы, логикасы, сауаттылығы назарға алынды. Содан кейін жас мамандар байқаудың қорытынды кезеңінде өздерін таныстырып, электронды портфолиоларын қорғады. Әділқазы алқалары байқау кезеңдерін 1-ден 10-ға дейінгі балдық жүйемен бағалады.
«Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» жас мамандар байқауы нәтижесінде география пәнінің мұғалімі Меркібай Абылай III орынды, орыс тілінде оқытылатын сыныптарындағы қазақ тілі пәнінің мұғалімі Кыдыркулова Мадина мен химия пәнінің мұғалімі Салахова Молдир II орынды иеленді. Ал дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Садыханов Алимхан I орынды иеленсе, Ануарбек Темірлан бас жүлдені алды. Атап өту керек дене шынықтыру пәнінің жас мамандары ашық сабақтың озық үлгісін көрсетіп, байқаудың әр кезеңіне тыңғылықты дайындалған. Мектепішілік байқауда бақтарын сынаған жас мамандарымыз мектеп абыройын аудандық, облыстық байқауларда қорғайды деген үміттеміз.
«Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» жас мамандар байқауының жеңімпазы Анарбек Темірлан байқаудың аудандық кезеңіне жолдама алды. Құттықтаймыз!