Латын әліпбиіне көшу - заман талабы
Латын әліпбиіне көшу - заман талабы.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның мемлекет ретіндегі бәсекеге қабілеттілігін арттыру және осы мемлекетке атау берген қазақ халқының рухани әлеуетін күшейту үшін қашанда жаңғыруға бастайтын идеяларды ортаға салып, олардың орындалуына мән беріп тұрады.
Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы қазіргі кезеңдегі қазақ елінің бүгінін сараптап, ертеңгі бағытын айқындаған бағдарламалық еңбек. Біз осынау маңызды еңбектегі ұлттық сана, ұлттық бірегейлікті сақтау, интеллектуалды қоғам қалыптастыру сияқты мәселелердің аса өзекті екендігін сезіне отырып, олардың ішінде бір ғана мәселеге – латын әліпбиіне көшу мәселесіне тоқталмақпыз.
Қарашаның 14-і Жамбыл облысы Меркі ауданы №48 жалпы білім беретін мектебінде ұстаздарға, оқушыларға арналған латын тілінде диктант жазу үлгісі жүргізілді. Мектеп ұстаздары және оқушылар латын таңбаларымен танысып, латын әліпбиіне көз жүгіртті. Латын тіліндегі диктантты 85- ке жуық ұстаздарымызбен мен 90-ға жуық оқушыларымыз орындады. Латын әліпбиі көрнекілік жағынан да, санаға әсер ету тұрғысынан да, қазақ мемлекетін даралай түсіп, біздің қоғамымыздағы, санамыздағы үдерісін күшейтетіндігі, әлбетте, бұл қадамның қаншалықты маңызды екендігін байқатады.