30
май
2024
2023-2024 оқу жылының негізгі қорытындылары

Мектеп – табыс аумағы. Табысты адам – бұл, ең алдымен, қоғамда еркін бейімделетін, өзі үшін қолайлы салада өзінің шығармашылық және жеке әлеуетін жүзеге асыра алатын белсенді тұлға. Осыған орай инновациялық білім беру бағытындағы мектеп мұғалімдерінің басты ұстанымы – білімге құштар, жан-жақты, өзіне сенімді, бәсекеге қабілетті оқушыларды даярлау болып табылады. Бүгінгі таңда инновациялық жобалар бір жағынан, мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттырудың бірден-бір жолы болып табылса, екінші жағынан оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға зор мүмкіндік тудырып отыр. Осы орайда мектебіміздің мұғалімдері өзінің пәніне, қызықтыратын саласына қатысты әр түрлі бағыттағы инновациялық жобалармен жұмыс жасап жатыр. Атап айтсақ «Бәрін білгім келеді», «Хочу все знать» жобасы ( бастауыш сын), « Ұшқыр ой алаңы» , «Толғауы тоқсан қызыл тіл», «Білім алушы ұйым» жобалары. Мектеп мұғалімдерінің жасап жатқан істері аз емес. «Біз әр баланы шығармашыл ете алмаймыз, бірақ оның шығармашылық қабілетін дамыту – біздің кәсіби парызымыз» - деген мектеп ұжымының ұранына айналып отыр.
Мектебімізде «Оқуға құштар мектеп» жобасы іске асырылуда. Мақсаты: Өскелең ұрпақтың оқу сауаттылығын арттыру, оқу мәртебесін оқу белсенділігін және оқу сапасын арттыру балалар мен жастардың мәдени және оқу құзіретілігін дамыту, сонымен бірге жас ұрпақ бойында жоғары азаматтық және рухани -адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру. «Сыйлыққа кітап», Сoworking- орталығы, Мобильді кітапхана, «Балалар кітапханасы», «Кел балалар оқылық!» дауыстап оқу сағаттары, сайыстар жұмыстары жүргізуліде. Ақын жазушылардың мерейтойларына орай көрмелер ұйымдастырылады. «Кітап оқимыз бәріміз» тақырыбында флешмоб, «Өзің оқы, өзгені шақыр» атты марафоннында өздерінің оқыған кітапдарын басқа оқушыларға да оқуға, кенес беріп оның ішінде өзіне ұнаған кейіпкерлері туралы әңгімелеп берді.
Бірге жиналу–бұл бастама,
бірге қалу –бұл алға жылжу,
ал бірге жұмыстану –бұл жетістік».
Генри Форд айтқандай, Әр педагог үшін өз білімін шыңдау, дамыту басты мақсат болып табылады . Қазіргі кезде педагогтар дарынды, талантты, шығармашыл, білім мен өнерге құштар, елінің тарихын, тілін, дінін білетін, әдет-ғұрып, салт-дәстүрін қастерлейтін, еңбекқор, ұйымдастырушылық қабілеті бар, өзбетімен шешім қабылдай алатын, ізденуші, зерттеуші, бақылаушы, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болуы керек. Сол мақсатта мектебімізде «Lesson Study - білімді жетілдіруге бағытталған педагогикалық ынтымақтастық» зерттеу сабақтары жүргізілуде. Сабақты зерттеу кезеңінде сабақ кестесі құрылып, ҚМЖ құрастыруда білім сапасын арттыруға байланысты тиімді әдістер іріктеліп алынып, тәжірибеде қолданылады. Lesson study сабақтары өткізіліп ,талдау, оқушылармен кері байланыс жасалып, келесі зерттеу сабағы жоспарланып отырады. Lesson Study тәжірибелі мұғалімдермен қатар, еңбек жолын жаңа бастаған мамандарға да кәсіби жетілуге көмектеседі. Зерттеу сабағының тиімділігіне тоқталатын болсам:
мұғалімдердің кәсіби диалогы артады
ұжымдық мәдениет қалыптасады
кәсіби педагогикалық білімі көтеріледі
сабақты бақылауда кері байланыс беру дағдылары дамиды
оқушылардың оқуы жақсарады
оқушылардың функционалдық сауаттылығы дамиды
білім сапасына оң әсерін тигізеді.
Мектепте «Озық тәжірибе» шығармашылық тобы жұмыс істейді. Байқаулардың дұрыс ұйымдастырылуы мен талапқа сай өткізілуіне тікелей «Озық тәжірибе» шығармашылық топ мүшелері атсалысады. Шығармашылық топ мүшелері мектептегі, аудандық семинар-коучингтер, дөңгелек үстелдер, ииновациялық жобалардың жүзеге асырылуына, ашық сабақтардың ұйымдастырылуына тікелей жауапты болып табылады. Оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру бойынша мектебімізде мектепішілік семинарлар өткізіліп тұрады. Атап айтсақ «Табысты мектепке жетудің тиімді жолдары», «Нәтижелі сабаққа - тиімді әдіс», Функционалдық сауаттылықты арттыру - сапалы білім кепілі» тақырыптарында. Ұстаздарымызға сүйемелдеу бойынша мағұлмат, қосымша ақпараттар беріледі,
ал семинарлар қорытындысы бойынша ұсыныстар айтылады. Сонымен қатар «Жыл мұғалімі», «Ең үздік ашық сабақ», «Үздік пән кабинеті», «Жас мамандар байқауы» сияқты мектепішілік конкурстардың өз дәрежесінде өтуіне атсалысып келеді.
Мұғалім мен оқушы ынтымақтастық, сыйластық, достық қарым — қатынаста болып, аянбай еңбек етсе дарынды, қабілетті, көшбасшы бола алатын, өзіне нық сенімді дербес тұлға қалыптасады. Дарынды оқушыларды қолдау мақсатында ОҚУШЫ ҮНІ» тақырыптық сауалнамалар алынып, «Ата-ана және мектеп» ашық есік күні ұйымдастырылады. Осы мақсатта жыл сайын білім алушылардың білімге деген құштарлығын, ынта жігерін көтеру мақсатында дәстүрге айналған «Талантты ұстаздан –талапты шәкіртке» тақырыбы жобасы аясында мерекелік іс-шара өткізіп, білім алушыларға серификат табыстаймыз.
2023-2024 оқу жылында жоғарыда аталған іс-шаралар мен жобалардың табысты жүзеге асырылуының арқасында педагогтер мен білім алушылар біраз жетістіктерге жетіп отыр.
№ 48 жалпы орта білім беретін мектебін 2023 – 2024 оқу жылында 899 оқушы аяқтады. Білім сапасы-66,9%. ҰБТ бойынша 2023-2024 оқу жылында 11- сынып бітіретін 38 оқушының 31 ҰБТ- ге қатысты, бұл жалпы оқушылардың 81,5 % құрайды. Мектеп бітірушілерден «Алтын белгіге» үміткер – 4 оқушы, «Үздік аттестатқа» ие болғандар саны – 4. Негізгі мектепті (9 сынып) бітіргендердің ішінен «Үздік аттестатқа» ие болғандар саны – 4.
Бастауыш мектеп сатысын 355 оқушы аяқтады, оның ішінде 1 сыныптағы 82 оқушы қорытылмады. Ал 2-4 сыныптар 273 оқушы, оның ішінде 62 үздік оқушы. Бастауыш мектеп сатысындағы 2-4 сыныптардың білім сапасы – 69,96% болды.
Мұғалімдер жұмысының нәтижесі пәндік олимпиадалардың қорытындысынан белгілі болмақ. Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың (9-11 сыныптар) қорытындысы бойынша: жалпы қатысқан оқушылар саны – 34 оқушы, оның ішінде ІІІ орын – 3, ІІ орынды – 4 оқушы иеленді. 5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиадаға 16 оқушы қатысып, ІІ орын – 1, III орын - 3 оқушы иеленді. 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық пәндер олимпиадасының аудандық кезеңіне 24 оқушы қатысып, ІІ орын – 2, III орын - 5 оқушы иеленді.
Жалпы жүлделі орындар саны – 18
2023-2024 оқу жылында ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға қатысқан оқушылардың 4-уі облыстық кезеңге өтіп, 2 оқушы облыстық кезеңнен II орын иеленді. Атап айтсақ, ағылшын тілі пәні бойынша Ахмет Самал мен биология пәні бойынша Дүйсенбай Диана II дәрежелі дипломмен марапатталды.
Дарынды оқушылардың білімін сынға салатын республикалық, облыстық, аудандық интеллектуалдық байқаулар мен ғылыми конкурстарға және спорттық жарыстарға мектеп оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
VIII «Шерхан оқулары» республикалық байқауының «Шерхан Мұртаза мұрасы» бағыты бойынша Махаева Айзере аудандық кезеңде III орын, «Зау тұлға» бағыты бойынша аудандық кезеңде 10 сынып оқушысы Шолпанхан Нұрай I орын, облыстық кезеңінде II орын, республикалық кезеңінде II орындарды иеленді.
IElTS (International English Language Testing System)- (Ағылшын тілінің халықаралық тестілеу жүйесі) тест бойынша 11 сынып оқушысы Ахмет Самал 6.0 орташа балл алды.
VII республикалық «Дінтану» пәндік олимпиадасына 11 сынып оқушысы Әлімбек Мейірбек қатысып, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің грантын иеленді.
1-11 (12) сынып оқушыларына арналған «FirstRobotics» робототехника бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңіне 7 сынып оқушылары Раимбаев Бабур мен Адам Евгений III дәрежелі диплом иеленді.
2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» республикалық математикалық олимпиадасынан 3 сынып оқушысы Есбагамбет Венера III орын, командалық есеп бойынша «Пифогор» командасы III орын иеленді.
Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша «Абай оқулары» байқауының «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша 9 сынып оқушысы Махаева Айзере III дәрежелі диплом иеленді.
4 сынып оқушылары арасындағы «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының аудандық кезеңінен 4 сынып оқушысы Асылбекқызы Айзере III орын иеленді.
2-7 сынып оқушылары арасындағы «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының аудандық кезеңінен 4 сынып оқушысы Асқар Айару III дәрежелі диплом иеленді.
5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» республикалық экологиялық жобалар байқауынан Берді Сезім III орын иеленді.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген Мұқағали Мақатаевтың «Жырлайды жүрек» атты облыстық байқауының «Көркемсөз» номинациясы бойынша Шаев Агабек Алғыс хат иеленді.
«Әбіш оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық байқауының аудандық кезеңінде «Әбіш Кекілбаевтың шығармаларын мәнерлеп оқу» бағыты бойынша 9 сынып оқушысы Иманалы Алихан II дәрежелі диплом, «Әбіш Кекілбаевтың шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу» бағыты бойынша 10 сынып оқушысы Малик Аянат III дәрежелі диплом иеленді.
Республикалық «Ақберен» өнер байқауының «Эссе жазу» бағыты бойынша 10 сынып оқушысы Арыстанбек Ақерке II дәрежелі диплом, «Көркемсөз оқу» бағыты бойынша 9 сынып оқушысы Аманжол Кәусар III дәрежелі диплом иеленді.
5-11 сынып оқушылары арасындағы аудандық «Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауының «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» бағыты бойынша 9 сынып оқушысы Серікқызы Даяна III дәрежелі дипломмен марапатталды.
7-11 сынып оқушылары арасында өткен «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауының аудандық кезеңінде «Жыр эстафетасы» бағыты бойынша 7 сынып оқушысы Абад Улдуза III дәрежелі дипломмен марапатталды.
5-11 сынып оқушылары арасында аудандық Төлеген Айбергенов оқуларында «Толқиды бір кеудемде кернеген шер» бағыты бойынша 1 сынып оқушысы Арыстанбек Ақерке III дәрежелі диплом, 8 сынып оқушысы Ерсайын Мағжан «Ең үздік дауыс» номинациясын иеленді.
Аудандық 8-11 сынып оқушылары арасында өткізілген «Қолданбалы лингвистика» байқауынан 11 сынып оқушысы Ахмет Самал II дәрежелі дипломмен марапатталды.
«Туризм энциклопедиясы» республикалық жас туристер байқауынан 3 сынып оқушысы Забалуев Роман І орын, 2 сынып оқушысы Бақытжан Сартай II орын, 5 сынып оқушысы Маратұлы Ернұр II орын иеленді.
Аудандық балалар сурет байқауының 11-14 жастағы білім алушылар санаты бойынша Есмагамбет Жасмин III орын иеленді.
Облыстық «Ұлттық мектеп лигасы» Асық ату спорт түрінен 7-8 сынып оқушылары ұлдар арасында жалпы командалық есепте Меркі ауданы, Оңғарбай Айдын, Абад Нұрдаулет, Темеев Магомед-Нур оқушылары І орын иеленді.
Асық атудан 2008-2010 ж.т. жасөспірімдер арасында Жамбыл облысы чемпионатында Абад Нұрдәулет ІІ орын, асық атудан 2011-2013 ж.т. жасөспірімдер арасында Жамбыл облысы чемпионатында Келдібай Бейбіт III орын иеленді.
Жеңіл атлетика бойынша Жамбыл облысы чемпионатында 500 метрге жүгіруден Мозговая София І орын иеленді.
2011 ж.т. ұлдар мен қыздар арасындағы Жеңіл атлетикадан Жамбыл облысының чемпионатында Мозговая София ІІ орын иеленді.
Мектеп басшылары арасындағы III республикалық «DIRECTOR'S CUP» дебат турнирінен мектеп директоры Ахметбеков Берик Алғыс хат, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген облыстық «DIRECTOR'S CUP» дебат турнирінен I дәрежелі дипломмен марапатталды.
Облыстық «Білім беру жүйесінде психологиялық мотивациялардың маңызы мен технологиялары» тақырыбындағы семинар-тренингте іс-тәжірибесімен бөліскені үшін педагог-психологтар Тулебаева Зауре Бахытбековна мен Тагайбаева Айнаш Мухамеджановна Алғыс хаттармен марапатталды.
Облыстық «Дарынды балалармен жүргізілетін психологиялық қызметтің ерекшеліктері» тақырыбындағы шеберхана жұмысында іс-тәжірибесімен бөліскені үшін Педагог-психолог Тулебаева Зауре Бахытбековна Алғыс хатпен марапатталды.
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» республикалық байқауының аудандық кезеңінде Костенко Шахноза I дәрежелі дипломмен, облыстық кезеңінен грамотамен марапатталды.
Ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған «SuperViser» аудандық педагогикалық байқауында Сарсембаева Алима II дәрежелі дипломмен, қашықтықтан аудандық «INNOVATIVE SHORT LESSON PLANNING» педагогикалық байқауында Джанылова Асель II дәрежелі дипломмен марапатталды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған II облыстық «Сөз мерген» атты топтық ән олимпиадасының аудандық кезеңінде Жолымбекова Сымбат II дәрежелі диплом иеленді.
Жамбыл облысының 85 жылдығы мен әлем таныған ұлы тұлға Тұрар Рысқұловтың 130 жылдығына арналған «Әлем таныған ұлы тұлға Тұрар Рысқұлов» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференциясына белсене қатысып, жоғары нәтиже көрсеткені үшін Тусипбекова Толганай I дәрежелі диплом, «Заманауи білім жүйесіндегі оқыту мәселелері:» жаңаша көзқарас пен парадигмалар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік белсене қатысып, жоғары нәтиже көрсеткені үшін Тусипбекова Толганай II дәрежелі диплом иеленді.
Аудандық «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогы» байқауының жеңімпазы Жабыкбаева Эндира III дәрежелі дипломмен марапатталды.
«Рухани жаңғыру – ұлттық бірегейліктің негізі» тақырыбында Наурыз мерекесіне орай ұлттық нақышта қолөнер көрмесіне қатысып «Қалдықтардың екінші өмірі» номинациясы бойынша көркем еңбек пәнінің мұғалімдері Аубакирова Гуля I орын, Сыдыкова Жанерке II орын иеленді.
Көркем еңбек пәні мұғалімдері арасында ұйымдастырылған «Ұлттық қазына» атты аудандық шығармашылық байқауында «Құрақ өнері» номинациясы бойынша Аубакирова Гуля III орын иеленді.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасы тестілерінің аудандық чемпионатында бір орыннан секіру бойынша Садыханов Алимхан II орын иеленді.
Тоғызқұмалақтан Меркі ауданының ерлер арасында жекелей рапид түрі жарысында Курманбаев Асхат I орын, Айгелов Есжан III орын иеленді.
Меркі ауданы «Аула ойындары - 2024» спорттық фестивалінде (асық атудан) 18 жастан жоғары жас санаты бойынша Кантарбаев Серик пен Раев Куандык I орын иеленді.
№48 жалпы орта білім беретін мектебінің педагогтері кәсіби шеберліктерін шыңдау мақсатында аудандық, облыстық, республикалық семинарларда іс-тәжірибесімен бөлісуде. Атап өтсек, жетекші және серіктес мектептерге арналған «Табысты мектепке жетудің жаңа жолдары» атты семинарында тәжірибе бөліскені үшін директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Асилбекова Айгул, директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Айдарбекова Куралай, информатика пәнінің мұғалімі Бекенова Эльмира, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Алишева Гульнур, бастауыш сынып мұғалімі Костенко Шахноза, педагог-психолог Тулебаева Зауре Сертификаттар иеленді.
«Ізденіс. Іскерлік. Нәтиже» жобасы аясында өткен аудандық семинар-практикумда өз іс-тәжірибесімен бөліскені үшін орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сатылганова Гульнара Сертификат, аудандық «Педагогтардың эмоционалды кәсіби жануы» тақырыбында аймақтық шеберлік зертханада іс-тәжірибемен бөліскені үшін, «1-4 сынып және 5-11 сыныптардағы жекеленген санаттағы білім алушыларға тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұйымдастыру жұмыстары» тақырыбындағы аудандық семинар-кеңесте іс-тәжірибесімен бөліскені үшін әлеуметтік педагог Маделиев Мухан Сертификаттар иеленді.
Облыстық «Steam технологиясы-оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытуға әсері» атты семинарда, «Инклюзивті білім беру. Әр баланы сәтті бейімдеу үшін тиімді стратегиялар, әдістер мен ресурстар» тақырыбындағы семинарда іс-тәжірибесімен бөліскені үшін Ахилбаева Сауле Сертификаттар иеленді.
Облыстық «Сабақ Time» жобасы аясында «Тілдік дағдыларды меңгерту арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру жолдары» тақырыбындағы сабақтар циклында өз іс-тәжірибесімен бөліскені үшін ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Алишева Гульнур Сертификат, «Информатика сабағында оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру» ашық сабақтар циклында өз іс-тәжірибесімен бөліскені үшін информатика пәнінің мұғалімі Ахилбаева Сауле Сертификат иеленді.
«Жоғары білім берудегі менеджмент» ғылыми қазақ-түрік халықаралық семинарында «Информатика пәнін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану» атты баяндама оқып, тәжірибесімен бөліскені Ахилбаева Сауле Сертификат иеленді.
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Алишева Гульнур «Оқушылардың оқылым дағдысын қалыптастастыру ерекшеліктері» жеке оқу бағдарламасын құрастырды.
Бүгінгі таңда мектептегі 108 педагог қызмет атқаруда. Педагог – зерттеуші – 23, бірінші санатты – 2, педагог – сарапшы – 25, екінші санатты – 1, педагог – модератор – 27. Бұл қызметкерлердің 72,2 % құрайды.
Атқарылып жатқан іс-шараларға қатысушылардың қанағаттануы, оқушы, ата-ана, жұртшылық расындағы қарым-қатынастың үйлесімділігі туралы мектеп психологы тарапынан алынған сауалнама қорытындысы бойынша білім беру қызметінің сапасына қанағаттанатын ата-аналардың пайызы 95 % болды.
Білім беру ұйымдарының қызметі туралы ақпараттың шынайылығы мен қожетімділігін арттыру мақсатында мектеп сайты мен әлеуметтік парақшалары жұмыс істейді.