27
май
2021
Мемориалдық тақтаның ашылу салтанаты
Мемориалдық тақтаның ашылу салтанаты
Жамбыл облысы бойынша тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия отырысының 2019 жылғы 12 шілдедегі №1 хаттамасы негізінде 2021 жылы 27 мамырда №48 жалпы орта білім беретін мектебінде Меркі ауданының құрметті азаматы, еңбек ардагері Н.С.Хегайға арналған мемориалдық тақта мектеп қабырғасына салтанатты түрде орнатылды. Мемориалдық тақтаның ашылу салтанатына Ойтал ауылдық округ әкімшілігі, еңбек ардагерлері, зейнеткер ұстаздар және ұлы А.Н.Хегай қатысты.