№48 жалпы білім беретін мектебі Қамқоршылық кеңес отырысының №10 ХАТТАМАСЫ
№48 жалпы білім беретін мектебі
Қамқоршылық кеңес отырысының №10 ХАТТАМАСЫ (көшірме)
Ойтал ауылы 6 желтоқсан 2019 жыл
Төрағалық етуші: Қамқоршылық кеңес төрағасы Ш.Бидайбаев
Отырыс өткен орын: №48 жалпы білім беретін мектебі, №23 «тарих» кабинеті
Қатысқандар: Қамқоршылық кеңес төрағасы мен мүшелері, №48 ЖББМ директоры Р.Нуралбеков, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары..
Хатшы М.Маделиев
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
- Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың, жыныстық сипаттағы қылмыстың алдын алу, бала қауіпсіздігі мен балалар арасында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп ауласын қоршау және жарықтандыру бағытында мектепте атқарылған жұмыстар бойынша мектеп директорының есебі.
ТЫҢДАЛДЫ:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектеп директоры Р.Нуралбековтың есебі тыңдалды.Мектеп басшысы баяндамасындақатысушыларды бүгінгі күні мектепте оқитын бала мен түрлі санаттағы балалар санымен таныстырып өтіп, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың, жыныстық сипаттағы қылмыстың алдын алу, бала қауіпсіздігі мен балалалар арасында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында қабылданған Жамбыл облысы әкімдігігің қаулыларына сай білім ошағында 2019 жылдың қыркүйек-қараша ай аралығында өткізілген көптеген іс-шараларға тоқталып өтті. Бала қауіпсіздігін сақтау, күшейту мақсатында құрылған мектептің тәрбие жұмыс жоспарына сай мектепте ұжыммен, Меркі АІІБ ЖПҚ ЮПТ-ның қызметкерлерімен, ата-ана және оқушылармен кездесулер, дөңгелек үстел, сынып сағаттары өткізіліп отырғанын, күннің қысқарып, суытуына байланысты балалардың жол қауіпсіздігін сақтау және балаларды мектепке алып келу, алып кету және мектепті жылыту мәселелері бойынша жұмыстар атқарылып ортырғанын, кезекшілік жұмыстары күшейтілгенін, ата-аналарға жол және бала қауіпсіздігін сақтау, оны насихаттау мақсатында арнайы жадынама парақшалары таратылғанын, мектепе ауласын толық бақылау үшін қосымша виеокамералар орнатылғанын баяндап өтті.Бүгінгі күні білім ошағында шешімін табатын мәселелердің қатарына мектеп жанындағы өзен (су) арнасының толуына байланысты мектептің асхана жұмысына кедергі болуы және мектптің шығыс жағында өсіп тұрған талдардың биік өсуіне байланысты мектеп ауласына шамдар жарығының аз түсуі деді.Соған байланысты өзен арнасын арнайы техникамен тазарту, биік талдарды кесу, бұтау мәселелерімен Ойтал ауылдық округ әкіміне қайырылғанын айтты.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша жарыссөзге Қамқоршылық кеңес төрағасы Ш.Бидайбаев, кеңес мүшесі, Ойтал ауылдық округ әкімінің орынбасары Қ.Шакибаев пен директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Абдраманова шығып сөйледі.
Төраға Ш.Бидайбаев күн тәртібіндегі мәселелер орынды көтеріліп отырғанын айта отырып, мектеп басшысы көтерген, тағы басқа мәселелерді шешу мақсатында округ әкімшілігімен, қаржы бөлу арқылы шешілетін мәселелерді аудандық білім бөлімімен бірлесе отырып шешу керек деген ұсыныс айтып, өзі төрағалық жасап отырған қамқоршылық кеңесін ресми тіркеп, кеңес Жарлығымен мөрін рәсемдеп, банктен есеп-шот ашу мақсатында құжаттар жинағы аудандық білім бөліміне тапсырылғанын баяндады.
Отырыс соңында қамқоршылық кеңес мектеп директорының жұмысына «қанағаттанарлық» деген баға берді.
ШЕШІМ:
- Бала өмір қауіпсіздігін сақтау іс-шаралары мектеп және мектеп ауласында күшейтілсін.
- Кезекшілік жұмысы мектеп әкімшілігі тарапынан қатаң қадағалансын.Кезекшілердің жауапкершілігі арттырылсын.
- Мектеп жанындағы өзен арнасын арнайы техникамен тазарту, талдарды кесу, бұтау мәселесі Ойтал ауылдық округ әкімшілігімен бірлесіп шешілсін.
- Қамқоршылық кеңесті ресми рәсімдеу жұмысы белгіленген мерзім ішінде өз шешімін тапсын.