Шектеу іс-шаралары кезеңінде №48 ЖОББМ-нің асхана жұмысын аудандық мобильдік топ құрамымен тексеру туралы » ОШ №48 п. Ойтал
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№48 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-36-67
Версия
для слабовидящих
» » » Шектеу іс-шаралары кезеңінде №48 ЖОББМ-нің асхана жұмысын аудандық мобильдік топ құрамымен тексеру туралы
11
октябрь
2021

Шектеу іс-шаралары кезеңінде №48 ЖОББМ-нің асхана жұмысын аудандық мобильдік топ құрамымен тексеру туралы

Шектеу іс-шаралары кезеңінде №48 ЖОББМ-нің асхана жұмысын аудандық мобильдік топ құрамымен тексеру туралыАнықтама
Ойтал ауылы 07.10.2021 жыл

Мектептің педагогикалық кеңесінің 27.08.2021 жылғы шешіміне сәйкес тізіммен бекітілген көпбалалы және әлеуметтік жағдайлары төмен, аз қамтылған отбасынан шыққан 102 (жүз екі) білім алушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығымен бекітілген «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету қағидасына сай мектеп асханасында 2 ауысымда 2021 жылдың қыркүйек айынан бері бір мезгіл тегін тамақпен қамтылып отыр.
Асхана жұмысы мен балалардың тегін және ата-ана есебінен тамақтануы карантин кезеңінде мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру барысындағы шектеу іс –шаралары туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 13 тамыздағы №3-15-2/3162-И мен Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 2021 жылғы 16 тамыздағы №03-4644 хаттары мен Қазақстан Республикасы Бас мемлекет тік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы №36 қаулысына сай жүзеге асырылуда.
Меркі ауданының білім бөлімінің 2021 жылғы 1 қазандағы №253 бұйрығына сәйкес құрамы Меркі аудан әкімінің орынбасары Б.Бегалиев, Меркі ауданы «Бақытты отбасы» орталығының меңгерушісі Р.Сапарғалиева, Меркі аудандық орталық аурухана дәрігері Ұ.Көктеубаев, Меркі ауданы білім бөлімінің әскерлері Л.Абенова мен С.Метеркуловамен жасақталған мобильдік топ 2021 жылдың 6 қазанында №48 жалпы орта білім беретін мектебінің асханасына мониторинг жүргізді.
Мониторинг барысында асхана тазалығы, аспазшылардың тазалығы, жеке гигиеналықты сақтауда арнайы киіммен жұмыс атқару, менюдің сәйкестігі, дайындалған тағамның нормасы, сапасы, асхананың сыйымдылығы, тиімді тамақтануға арналған арнайы стендтер, оларға ілінген материалдардың мазмұны, мәтіні, кезекшілік кестелері, сонымен қатар ауыз су режимінің ұйымдастырылуы, асханаға кіреберісте және тамақтану залында қол жууға арналған арналған жағдайлар, балалардың қолын өңдеуге арналған тері антисептиктерінің көзделінуі, олардың көрінетін және қолжетімді жерлерге орналастырылуы, буфет өнімдерін сату жеке арнайы қаптамада жүзеге асырылуы тексерілді.
Комиссия құрамы тексеру барысында асхана жұмысына жоғары баға бере отырып, жалпы шектеу іс-шараларының талаптары мектеп асханасында, аспазшы мамандарының жұмысында толықтай сақталып отыр деген шешімге келіп, аталған бағыттағы жұмыс барысы алдағы уақытта да өз деңгейінде ұйымдастырылып отырылуы керек деген ұсыныс айтты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив