21
февраль
2022
«Құқықтық сауаттылық-заман талабы» атты сынып жетекшілерге коучинг
2022 жылғы 21 ақпан күні №48 жалпы орта білім беретін мектебінде «Құқықтық сауаттылық-заман талабы» атты сынып жетекшілерге А.Кинбаева коучинг өтті.
Мақсаты: Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және оқушылардың құқық, заң жайында білімдерін тереңдету. Конституцияны, құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету. Коучинг сынып жетекшілерге ұжымда психологиялық ахуал қалыптастыру, кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл-күйін көтеру мақсатында «Психологиялық тренингпен» басталды.
Коучинг барысында А.Кинбаева «Құқықтық сауаттылық-заман талабы» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті. Оқушылардың дамуы мен қалыптасуына жағдай жасау үшін кәсіби құзыреттіліктерін арттыру мақсатында сынып жетекшілер сыныптағы оқушылардың тәртібін жақсарту үшін мұғалімдер нені оқыту керек және қалай оқыту керектігі туралы мәлімет бере отырып, бүгінгі қоғамға қажет жаңа мұғалім моделін қорғатты. Мұғалімдер семинарға белсенділік танытып қатысты. Соңында кері байланыс жасап, өз ойларымен бөлісті.