Республикалық "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы 2023 - 2024 оқу жылында "Жақсылық жаса!" ұранымен бастау алды. » ОШ №48 п. Ойтал
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№48 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-36-67
Версия
для слабовидящих
» » Республикалық "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы 2023 - 2024 оқу жылында "Жақсылық жаса!" ұранымен бастау алды.
27
сентябрь
2023

Республикалық "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы 2023 - 2024 оқу жылында "Жақсылық жаса!" ұранымен бастау алды.

2023 -2024 оқу жылында №48 жалпы орта білім беретін   мектебінде дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясының өтуі туралы

Анықтама

2023 -2024 оқу жылында №48 жалпы орта білім беретін мектебінде « Мектеп жол» Республикалық акциясы (бұдан әрі- Акция) балалардың  құқықтары мен мүнделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында акция өткізілді.

Акцияның ұраны: «Жақсылық жаса!» 

Акцияның мақсаты: аз қамтылған және көпбалалы  отбасылардан шыққан  оқушыларға, жетім балаларға, сондай – ақ ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының бас талуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.

2023 жылдың 31 шілдесінде «Жақсылық жаса!» ұранымен «Мектепке жол» акциясын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мектепішілік   бұйрық шығарылып, іс – шаралар жоспары құрастырылды. Жоспар мектеп директоры Б. Ахметбековпен бекітілді.

Дәлелсіз  себептермен мектепке бармайтын балаларды анықтау мақсатында «Түнгі қаладағы балалар» (қоғамдық орындар, компьютерлік клубтар) мектептің   ДҚТЖО Н.Сериковпен  мектептің әлеуметтік қызмет мамандары тарапынан рейдтер ұйымдастырылды.

Әлеуметтік көмек көрсету үшін   мектепке дайындық кезінде қолдауды қажет ететін оқушыларды анықтау мақсатында тізім жасалынды.

Қосымша мектептің әлеуметтік қызмет мамандары тарапынан «Мектепке жол» қайырымдылық акциясының өтуі туралы 2023 жылдың 6 қыркүйек №67 нөмірінде аудандық «Меркі тынысы» газетіне мақала жарияланды.

 


Мектеп ұстаздары тарапынан «Балаларға жақсылық сыйла!» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып 10 білім алушыларға оқу құралдары берілді.     

Тамыз айындағы «Мектепке жол» акциясының  алғашқы онкүндігінде 3 білім алушыға 25000 (жиырма бес) көлемінде   мектептің ұстаздар тарапынан оқу құралдары алынып берілді.

Екінші онкүндігінде 4 білім алушыға 105000 (жүз бес мың) теңге оның ішінде 4 білім алушыға 20000( жиырма мың) теңгеден мектеп формасы берілсе, 4 білім алушыға  25000 (жиырма бес мың) теңгеден оқу құралдары алынып берілді. 

Үшінші онкүндігінде 4 білім алушыға 100000 (жүз мың) теңге оның ішінде 4 білім алушыға 25000 (жиырма мың) теңгеден мектеп формасы берілді. 

Қыркүйек айының бірінші онкүндігінде 100000 (жүз мың) теңге оның ішінде                       4 білім алушыға 20000 (жиырма мың) теңгеден мектеп формасы берілді.

Екінші онкүндігінде  100000 (жүз мың) теңге оның ішінде 4 білім алушыға 20000 (жиырма мың) теңгеден мектеп формасы берілді.  Жалпы акция барысында 23 білім алушыға 530000 (бес жүз отыз мың) теңге көлемінде мектеп формасы мен оқу құралдарымен материалдық көмек көрсетілді.

Мектеп ұстаздарының демеушілігінен бөлек «Аманат» партиясының аудандық филиалы 3 білім алушыға 45000 (қырық бес мың) теңгеге көлемінде оқу құралдарымен көмек көрсетті.   1 білім алушыға 15000 (он бес мың) теңге көлемінде қытай компаниясы оқу құрал – жабдықтарымен қамтамасыз етті. Жалпы алғанда 27 білім алушыға 590000 (бес жүз тоқсан мың) теңгеге көмек көрсетілді.

Демеушілік мектептің ұстаздар қауымы тарапынан жасалынды. 

Сонымен қатар 2023 жылдың тамыз айының басында жалпыға міндетті білім беру   қорынан жекеленген санаттағы әр балаға 40567 (қырық мың бес жүз алпыс жеті) теңгеден есептелгенде, жалпы саны 177 білім алушыға 7180359 (жеті миллион жүз сексен мың үш жүз елу тоғыз) теңгеден аудандық  бюджеттен   қаржылай көмек көрсетілді.

Акция барысында білім алушылар білім ошағында толықтай оқулықпен қамтылып, сынып жетекшілері тарапынан олардың әлеуметтік төлқұжаттары жасалды, сонымен қатар  көмекке мұқтаж балалардың деректер базасы қалыптастырылып, дәлелсіз себептермен мектепке бармайтын балаларды анықтау мақсатында директордың құқықтық тәрбие орынбасары Н.Сериковпен бірлесе отырып «Жұмыспен қамту», «Түнгі қаладағы балалар» рейдтері ұйымдастырылды. Рейдтер барысында мөлтекаудан бойынша себепсіз сабаққа келмеген балалар анықталған жоқ.

Аталған бағыттағы жұмыс оқу жылы барысында өз жалғасын табатын болады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив