05
сентябрь
2023
«Балалардың жолдағы қауіпсіздігі»
«Балалардың жолдағы қауіпсіздігі»
2023 жылдың 05 қыркүйек күні №48 жалпы орта білім беретін мектебінде балалардың жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» тақырыбында 1-4 сыныптарда «Жолда жүру ережесін білеміз бе?», 5-8 сыныптарда «Жол ережесін сақта!» тақырыптарында сынып сағаттары өтілді. Меркі АПБ – нің КТІЖ Учаскелік полиция инспекторы Мұхтар Талшын Қанатқызы, ДТЖО А. Барлыбаева, алғашқы әскери дайындық жетекшісі Ө. Ағыбаев білім алушыларға дәріс оқып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мақсаты: Жолда жүру ережесін дұрыс түсініп оны пайдалана білуге үйрету. Оқушыларды жауапкершілікке, сергектікке, жол ережесін бұлжытпай сақтауға тәрбиелеу. Балаларға жол белгілерін қайталату арқылы, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алып, білім алушыларға жолда жүру ережелерін таныстырып қана қоймай, оларды жол жүру қауіпсіздігін сақтауға дағдыландыру. Білім алушылардың жолда жүру ережесі, жол белгілерінің түрлері жайында білімдерін толықтыру. Жол қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға, орындауға баулу. Ой – өрісін дамытып, түсініктерін кеңейту. Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп- тұруға, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу. Білім алушыларға түсіндірме жұмысы барысында көшеде жүру тәртібін дұрыс орындамау қауіпті жағдайдың туындауына алып келуі мүмкін екендігін , көшеден өту үшін арнайы белгіленген жермен жүрген дұрыс екені айтылды. Сонымен қатар сынып жетекшілер тарапынан жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып кету салдарынан болады. Сондықтан әрбір білім алушы мектепте оқылатын жол қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықты мұқият тыңдап,жол ережелерін бұзбауға әдеттенулері қажет екені айтып түсіндірді.