"Қауіпсіз мектеп автобусы"
2019 - 2020 оқу жылында №48 жалпы білім беретін мектебі бойынша
2020 жылдың 15 қаңтар-15 ақпан аралығында республикалық «Қауіпсіз мектеп автобусы» акциясы аясында өткізілген іс - шаралар
Облыстық білім басқармасы 16.01.2020 жылғы №02-241 хатына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 15.01.2020 жылғы №01-17-3-2/195-И хаты және Меркі ауданы білім бөлімінің 17.01.2020 жылғы №45 хатына сәйкес 2020 жылдың 15 қаңтар -15 ақпан аралығында балаларды білім беру ұйымдарына тасымалдауды ұйымдастыру барысында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп автобустарымен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатындағы №48 ЖББМ-е «Қауіпсіз мектеп автобусы» атты республикалық акция өтті. Акция барысында шалғайдағы «Мыханды» елді мекенінен қатынап оқитын балаларға Меркі АПБ ЖПҚЮПТ инспекторы полиция капитаны Б. Айжарықов және тасымалдауға жауапты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Барлыбаева ата-аналарға, сынып жетекшілеріне жол қозғалысы ережелерін сақтауды және өмір қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Акция «Қауіпсіз мектеп автобусы үшін!» ұранымен өтті.
Акцияның мақсаты: балаларды білім беру ұйымдарына тасымалдауды ұйымдастыру барысында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп автобустарымен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жол – көлік оқиғаларының алдын алу.
Акцияның мазмұны мен форматы:
Республикалық акция балаларға, ата аналарға және қоғамға қауіпсіз жол қозғалысы және балаларды тасымалдау ережелері туралы ескертпе болуы тиіс. Жолда, көлікте қауіпсіздік ережелер туралы, сонымен қатар алғашқы көмек көрсету тәсілдері және шұғыл қызметтер туралы балалар мен ата-аналардың, қоғамның назарын аудару.