№48 жалпы орта білім беретін мектебінің 2020-2021 оқу жылындағы психологиялық қызметінің жылдық есебі
Мектептегі психологиялық қызмет
Мақсаты: Тұлғаның жеке және жас ерекшеліктерін, сондай-ақ тұлға аралық өзара әрекет ерекшеліктерін зерттеу, жан-жақты толық мүмкіндіктерін ашу.
Психологиялық қызметтің міндеті:
• Әр баланың толық психологиялық және тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін психологиялық ахуал туғызу.
• Педагогикалық үрдіске қатынасушылардың арасындағы өзара қарым – қатынас стилін реттеу.
• Әлеуметтік және жеке даралық жетістіктерге жол ашу.
• Оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруда таным үрдістерінің дамуына жол ашу.
• Қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға үйретуде мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелей отырып, рухани – адамгершілік құндылықтарының негізін қалау.
Мектептегі психологиялық қызметтің негізгі бағыттары
- Психологиялық диагностика
Мақсаты: Тұлғаның жеке және жас ерекшеліктерін, сондай-ақ тұлға аралық өзара әрекет ерекшеліктерін зерттеу, жан-жақты толық мүмкіндіктерін ашу - Психологиялық алдын алу
Мақсаты: Тұлғаның психикалық және тұлғалық дамуында кездесетін сәтсіздіктерге ескерту жасау, алдын алу шараларын ұйымдастыру. - Психологиялық ағарту
Мақсаты: Педагогикалық үрдіске қатынасушылардың психологиялық мәдениетін көтеріп, психологиялық білімге жұмылдыру шаралар ұйымдастыру - Психологиялық түзету, дамыту
Мақсаты: Тұлғаның психикалық және тұлғалық дамуындағы кездескен келеңсіздіктерді теңестіру, түзету жұмыстары, жалпы оқу дағдысы мен біліктілік деңгейін арттыру - Психологиялық кеңес беру
Мақсаты: : Педагогкикалық үрдіске қатынасушылардың барлығына дамыту, оқыту, тәрбиелеу мәселелері бойынша кеңестер беру
Мектептегі психолог кабинеті оқушылармен, мұғалімдермен, ата-аналармен кеңес беру, әңгімелесу, диагностикалық, түзету бағыттарын қамтитын жеке психологиялық жұмыстарды және психологтың өздігінен жұмыс жүргізуіне қолданылады. Оқушылармен жеке кездесулер барысында әңгіме, кеңес беру, диагностикалық жұмыстар, түзету жұмыстары жүргізіледі. Диагностикалық жұмыс нәтижелерін өңдеу, өздік білімді жетілдіру, құжаттармен жұмыс жүргізу секілді психологтың жеке жұмыстары атқарылады.
Құжаттың толық нұсқасын сілтеме арқылы жүктей аласыз
Посмотреть онлайн файл: psih-yzmet-eseb-2020-2021zh.pdf