9-10 сынып пән мұғалімдеріне және IT маманға «Мектептерге арналған PISA» халықаралық зерттеуі туралы ақпарат беру » ОШ №48 п. Ойтал
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№48 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-36-67
Версия
для слабовидящих
» » » 9-10 сынып пән мұғалімдеріне және IT маманға «Мектептерге арналған PISA» халықаралық зерттеуі туралы ақпарат беру
10
ноябрь
2025

9-10 сынып пән мұғалімдеріне және IT маманға «Мектептерге арналған PISA» халықаралық зерттеуі туралы ақпарат беру

2025 жылдың 10 қараша күні 9-10 сынып пән мұғалімдеріне  және IT маманға «Мектептерге арналған PISA» халықаралық зерттеуі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара мектеп директорының міндетін атқарушы Б.Ахметбековтың қатысуымен, директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары К.Айдарбекованың ұйымдастыруымен өткізілді. Б.Ахметбеков №48 жалпы орта білім беретін мектебінің «Мектептерге арналған PISA» халықаралық зерттеуіне түскендігін және 24 қараша мен 5 желтоқсан аралығында болатынын айтты. Сонымен қатар зерттеуге дайындық пән мұғалімдеріне жүктелетінін, 15 жас 3 ай мен 16 жас 2 ай аралығындағы іріктеліп алынған оқушылардың барлығының зерттеу дайындығына толық қатысуы сынып жетекшілеріне тапсырылатыны да айтылды. 

«Мектептерге арналған PISA» халықаралық зерттеуі туралы К.Айдарбекова  пән мұғалімдері мен IT маманға қысқаша мағлұмат беріп өтті. Маман алдымен PISA негізгі зерттеуі мен «Мектептерге арналған PISA» зерттеуінің айырмашылығына тоқталды. Аталған зерттеулер 15 жастағы оқушылардың математикалық, оқу, жаратылыстану сауаттылығымен қоса, цифрлық сауаттылық мен креативті ойлауын зерттеуге негізделгенін түсіндірді.  Оқушыларға берілетін тапсырма үлгілерін көрсетті. Тапсырмалар оқушылардың ақпаратты талдау, бағалау, қорытынды жасау және проблемаларды шешу қабілеттерін өлшейтіні, жай есте сақтау емес, ойлау дағдылары бағаланатыны ескертілді. Барлық тапсырмалар нақты өмірлік жағдайларға негізделгендіктен, оқушылар мектепте алған білімдерін күнделікті өмірде қалай қолдана алатынын көрсететін болады. PISA тапсырмаларына оқушыларды дағдыландыру мақсатында дайындық жүргізу керектігі айтылып, 6 пән (математика, қазақ тілі (орыс сыныптарында орыс тілі), биология, химия, география, физика) бойынша бекітілген қосымша дайындық кестесімен таныстырды. Зерттеу күні тест ұзақтығы 2 сағатты құрайды және үш негізгі бөлімнен тұрады. Әр бөлім оқушының әр түрлі құзыреттіліктерін терең бағалауға арналған. Тест толығымен компьютерде өтетіндіктен, К.Айдарбекова  IT маманды «Мектептерге арналған PISA» зерттеуін өткізуге арналған компьютерлерге/ноутбуктарға қойылатын техникалық талаптармен таныстырып өтті. Маман сонымен қатар интернет жылдамдығын да бақылауда ұстауды тапсырды.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив