«Мектепке арналған РІSА» халықаралық зерттеуі бойынша ата-аналар жиналысы
2025 жылдың 11 қараша күні «Мектепке арналған РІSА» халықаралық зерттеуі бойынша ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа мектеп директорының м.а. Б.Ахметбеков, директордың ғылыми оқу ісі жөніндегі орынбасары Қ.Айдарбекова, халықаралық зерттеуіне қатысатын 9-10 сынып білім алушыларының ата-аналары, барлығы 26 адам қатысты. Іс-шараны төраға Б.Ахметбеков алғы сөзбен ашып беріп, қатысушыларды «Мектепке арналған РІSА» халықаралық зерттеуінің мақсат, міндеттерімен таныстырды.
Төраға өз сөзінде Қазақстан 2009 жылдан бастап РІSА (Programme for International Student Assessment) зерттеуіне тұрақты қатысып отырғанын, зерттеу - білім алушылардың білім деңгейін жақсарту және білім сапасын көтеру бағытындағы маңызды қадамдардың бірі, зерттеу нәтижелері -Қазақстаннның білім беру жүйесінің халықаралық аренада танылуына, жастардың білім деңгейін арттыруға бағытталған мемлекеттік реформаларды қалыптастыруға бағытталған жүйе екенін айта келе халықаралық зерттеу – халықаралық оқу жетістіктерінің бағалау бағдарлама, әлем елдеріндегі 15 жастағы білім алушылардың білім деңгейін, математикалық, оқылымдық және ғылыми (жараталыстану) сауаттылығын бағалайтын зерттеу деді. Төраға сонымен қатар қатысушыларға әлемдік білім беру жүйесінің тиімділігін талдау, білім алушылардың өмірлік дағдыларын бағалау және әр елдің білім беру жүйесіндегі жетістіктер мен кемшіліктерді анықтау сияқты зерттеудің мақсаты мен ғылым мен технологияның жаңа талаптарына сай зерттеулер, жаңа көрсеткіштер мен бағалау өлшемдері енгізу және техникалық сауаттылықты, цифрлық дағдыларды және инновациялық ойлау қабілетін бағалау сияқты зерттеудің ерекшеліктерін де айтып өтіп, ата-аналарға пәндік тестілеу соңынан кейін білім алушылардан алынатын 46 сұрақтан құралған сауалнама сұрақтарына балаларының дұрыс жауап беруіне мән беріп, ықпал жасау керектігін де баяндай келе, тест күні мектепте интернет желісінің қалыпты деңгейде қызмет етуі бойынша аудандық білім бөліміне хат жолданатынын да айтты.
Келесі болып сөз алған директордың ғылыми оқу ісі жөніндегі орынбасары Қ.Айдарбекова жиынға қатысушыларға аталғанхалықаралық зерттеу (тест) аудандық 7 білім беру ұйымдарында 2025 жылдың 24 қараша мен 5 желтоқсан аралықтарында өтетінін, жас ерекшеліктеріне қарай мектептің 9-10 сыныптар арасынан бүгінгі күні 65 білім алушы тізімге алынғанын, алайда тестке аталған жалпы бала саны арасынан нақты 50 білім алушы қатысатынын, аталған іс-шараның мектепте ұйымдастырылып өтуіне мектеп бұйрығы шығарылып, бұйрыққа сай білім алушылардың сауаттылығын арттыру мақсатында олармен өтетін қосымша сабақтар кестесі мен жауапты пән мұғалімдерінің тізімін таныстырды.
Маман қатысушыларға сондай-ақ зерттеудің өзектілігі мен маңыздылығын, «Мектепке арналған РІSА» мен негізгі РІSА арасындағы айырмашылықтар мен жалпы сипаттамаларын, «Мектепке арналған РІSА» зерттеуінің артықшылықтарын айтып, дайындаған слайдтарын көрсетіп, таныстырды.
Жиын соңында бірнеше ата-ана сөз алып, аталған іс-шараның маңыздылығына байланысты аталған мәселе отбасы басында міндетті түрде талқыланып балаларға толықтай қолдау көрсетілетінін айтты.




