Аттестаттаудан өтетін педагогтермен өткізілген жиналыс
Жиналысқа қатысқан педагогтерді директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары К.Айдарбекова күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды және алғашқы мәселе бойынша өз сөзінде педагогтерді, әдіскерлерді, білім беру ұйымдары мен әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшыларының орынбасарларын аттестаттау "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес бес жылда бір рет, білім беру ұйымдарының бірінші басшылары "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 5-тармағына сәйкес үш жылда бір рет аттестаттаудан өтетіндігін, аттестаттауға жіберу үшін білім беру ұйымы педагогтердің, әдіскерлердің, білім беру ұйымдары мен әдістемелік кабинеттер (орталықтар) бірінші басшылардың, басшы орынбасарларының біліктілік бағалауын портфолионы қарау арқылы жүргізетінін, Педагогтер, әдіскерлер, білім беру ұйымдары мен әдістемелік кабинеттер (орталықтар) бірінші басшылары, басшы орынбасарлары электрондық форматта ПББ-дан өтетіндігін айтты.
Екінші мәселе бойынша маман ПББ аттестатталушының осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған мерзімде аттестатталушының қашықтықтағы форматта берілетін өтінішіне сәйкес жүргізілетінін және ПББ келесі тапсырмалардан тұратынын айтты:
1) мектепке дейінгі ұйымдар мен жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің және гимназиялардың мектепалды сыныптарының педагогтері үшін:
"Бейіні бойынша әдістемелерді білу, мектепке дейінгі педагогика және психология" – елу тапсырма.
2) бастауыш білім беру педагогтері үшін:
"Пәндік білім" - 50 (елу) тапсырма;
3) негізгі орта, жалпы орта білім беру педагогтері үшін:
"Пәндік білім" – 50 (елу) тапсырма;
4) білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) бірінші басшылары, басшының орынбасарлары үшін "Қазақстан Республикасының заңнамасын және білім саласындағы нормативтік құқықтық актілерді білу" бағыты бойынша - алпыс тест тапсырмасы болатынын, ПББ нәтижелері Платформадағы педагогтің "жеке кабинетінде" көрсетілетінін айтты.
Сонымен қатар бейіні бойынша 30 (отыз) және одан да көп жыл педагогикалық өтілі бар педагогтер жаңа жүйе бойынша бұрын берілген біліктілік санатын растаған кезде ПББ тапсырудан босатылады және қызмет нәтижелерін кешенді қорытудан, ал біліктілік санатын арттыру кезінде - жалпы негізде өтетінін, бейіні бойынша 30 (отыз) және одан да көп жыл педагогикалық өтілі бар, сондай-ақ ескі жүйе бойынша "бірінші", "жоғары" санатты педагогтер "педагог-модератор" біліктілік санатына ауысқан кезде ПББ тапсырудан босатылады және қызмет нәтижелерін кешенді қорытудан, "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші", "педагог-шебер" біліктілік санатын алған кезде жалпы негіздерде, барлық лауазымдардың педагогтері "педагог-зерттеуші", "педагог-шебер" біліктілік санатын растау кезінде ПББ тапсырудан босатылады, қызмет нәтижелерін екі реттен артық емес кешенді жалпылаудан өтетіні де айтылды.
Педагогтерге нұсқау беру уақытын есепке алмағанда, ПББ орындау ұзақтығы:
педагогтер үшін – сексен минут, "Математика", "Физика", "Химия", "Информатика" пәндері үшін – жүз жиырма бес минут; білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) бірінші басшылары, басшының орынбасарлары, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлері үшін – тоқсан минут; мүмкіндіктері шектеулі (көру, есту, тірек-қимыл аппараты бұзылған) тұлғалар үшін қосымша 40 (қырық) минут берілетіні, педагогтер кезекті аттестаттауда жылына 1 (бір) рет – тегін, 1 (бір) рет – білім саласындағы уәкілетті орган бекіткен сомаға сәйкес ақылы негізде, мерзімінен бұрын аттестаттауға үміткер педагогтер жылына 1 (бір) рет – тегін; сынамалық тестілеу (педагогтің қалауы бойынша) – ақылы негізде жыл бойы өтетінін, сынамалық тестілеудің нәтижелері ПББ-дан өту үшін негіз болып табылмайтыны түсіндірілді.
тапсырмалардың мазмұнын талқылау және жария ету;
тестілеу техникасы мен қауіпсіздік жүйесіне қасақана зиян келтіруге;
ПББ өтуіне байланысты тестілеу жүйесіне бұзушылық әрекет жасап, араласуға;
дәліз бойынша кезекші қызметін атқаратын адамның рұқсатынсыз және сүйемелдеуінсіз аудиториядан (компьютерлік кабинеттен) шығуға;
аттестатталушылардың денсаулығына байланысты жағдайларды қоспағанда, аудиториядан (компьютерлік кабинеттен) 10 (он) минуттан аспайтын және 1 (бір) реттен артық шығуға, бұл ретте тестілеудің алғашқы және соңғы 15 (он бес) минутында шығуға жол берілмейді;
сөйлесуге, бір орыннан екінші орынға ауысуға;
жұмыс үшін берілген құжаттар мен А4 қағаздармен алмасуға;
аудиторияға (компьютерлік кабинетке) келесі тыйым салынған заттарды: камералар, кез-келген ұялы байланыс құралдары (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (смартфон), рациялар, ноутбуктер, плеерлер, модемдер (мобильді маршрутизаторлар), смарт сағаттар, смарт көзілдіріктер, фитнес-білезіктер (трекерлер), диктофон, сымды құлаққаптар, сымсыз, микроқұлаққаптар, сымсыз бейнекамералар, GPS (ДжиПиЭс) навигаторлар, GPS (ДжиПиЭс) трекерлер, қашықтан басқару құрылғылары, сонымен қатар келесі стандарттарда жұмыс істейтін басқа да ақпарат алмасу құрылғылары: GSM (ДжиСиМ), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), VHF (ВиЭйчЭф), UHF (ЮЭйчЭф), Wi-Fi (Вай-фай), GPS (ДжиПиЭс), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект) енгізуге;
аудиторияға (компьютерлік кабинетке) шпаргалкаларды, оқу-әдістемелік әдебиеттерді, Менделеевтің периодтық және тұздардың ерігіштік кестелерін, калькуляторды, түрлі форматтағы қағаздарды енгізуге болмаймынын айтты. Аудиториядан (компьютерлік кабинеттен) кез келген форматтағы қағазды, соның ішінде бос парақтарды шығаруға жол берілмейтінін, аттестатталушы аудиториядан шыққан және қайта кірген кезде жол берілмейтін заттардың бар-жоғын тексеру жүзеге асырылатынын түсіндірді.
Осы Қағидалардың 45-тармағында көрсетілген талаптарды бұзу дерегі анықталған, сондай-ақ біліктілік санатын беруге (растауға) өтініш уақтылы берілмеген жағдайда Комиссияның шешімі бойынша педагогке бір жыл мерзімге қолданыстағы деңгейден бір деңгейге төмен біліктілік санаты беріледі. Біліктілік санатын беруге (растауға) кейінгі аттестаттау осы Қағидаларда анықталған тәртіппен бірізділік қағидатына сәйкес жүргізіледі.
ПББ өткізу қағидаларын бұзу деректері қайта анықталған жағдайда педагог, бөлімнің басшысы (меңгерушісі), әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскері, білім беру ұйымы, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) басшысының орынбасары – бес жылға, білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) басшысы – үш жылға аттестаттаудан өтуге жіберілмейді, бұл ретте біліктілік санаты Комиссияның шешімі бойынша "педагог", "басшы", "басшының орынбасары" санаттарына дейін төмендейді. Біліктілік санатын беруге (растауға) кейінгі аттестаттау осы Қағидаларда анықталған тәртіппен бірізділік қағидатына сәйкес жүргізіледі.
ПББ өткізу талаптарын бұзу дерегі анықталған жағдайда, осы Қағидалардың 45-тармағында көрсетілген жол берілмейтін заттарды анықтаған кезде, ПББ жүргізу кезінде немесе ПББ өткізу бейнежазбасын қарау кезінде, тапсыру мерзіміне қарамастан, осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес педагогтің білімін бағалауды жүргізу қағидалары мен шарттарын бұзу актісі жасалады, ПББ нәтижелері жойылады.
ПББ нәтижесімен келіспеген жағдайда аттестатталушы педагог ПББ өткізу залынан шықпай әрбір тапсырма бойынша дәлелді (толық түсіндірмесі, тапсырмалардың қадамдық шешімі) негіздемесімен тестілеу аяқталғаннан кейін 30 (отыз) минут ішінде компьютерлік тестілеу жүйесі арқылы апелляцияға өтініш береді. ПББ өткізу залынан шыққаннан кейін педагогтің апелляцияға өтініші қабылданбайтынын, әрбір тапсырма бойынша дәлелді негіздемесіз (толық түсіндірме, тапсырмаларды кезең-кезеңімен шешу) барлық тапсырмаларды қайта қарау бойынша апелляцияға берілген өтініш қарауға жатпайтынын айтты.
Апелляция мынадай жағдайларда:
1) тест тапсырмаларының мазмұны бойынша:
дұрыс жауаптың негіздемесімен келіспегенде;
дұрыс жауап болмағанда;
бірден көп дұрыс жауап болғанда;
тест тапсырмасы дұрыс құрастырылмаған жағдайда;
2) тапсырмаларда фрагменттің немесе мәтіннің болмаған жағдайында, техникалық себеп бойынша қаралады.
Апелляциялық комиссиянының қарау мерзімі 15 (он бес) жұмыс күнін құрайтынын, апелляциялық комиссияның шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайтыны түсіндірілді.
Санаттар | Блок | Пән бойынша балдар | Біліктілік тестінен өту үшін (%) | Біліктілік тестінен өту үшін (балдар) |
Педагог | Пәндік білімі | 50 | 50% | 25 |
Педагог - модератор | 50 | 60% | 30 | |
Педагог - сарапшы | 50 | 70% | 35 | |
Педагог-зерттеуші | 50 | 80% | 40 | |
Педагог-шебер | 50 | 90% | 45 |


